Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайымдау мәтіні

15 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Пайымдау мәтіні
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Сабақтың мақсаты: Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, оның сипаттау мәтінінен айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Көрнекіліктері: сызба, кестелер, суреттер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Мәтін деген не? Оның түрлерін ата.
1 - топ
Әңгімелеу мәтіні деген не?
2 - топ
Сипаттау мәтіні деген не?
3 - топ
Оларды бір - бірінен қалай ажыратамыз?
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті
Күркіреді күн - күн...
Терезелер шың - шың
Жауды жаңбыр топ - топ
Шелек - шелек көп - көп
Жон арқаңды тос - тос
Күнбағыс тез өс - өс.

Ой толғаныс «Хайуандарды кезегімен үйлеріне кіргізу» ойыны.
Тестпен жұмыс.
1. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Итбалықтың денесі сүйірлеу және жұмыр. Оның терісі қылшық жүнді болып келеді.
А) пайымдау Ә) сипаттау
2. Мәтін дегеніміз не?
А) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
Ә) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем
3. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Ара - бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді.
А) әңгімелеу Ә) пайымдау
1. Мәтінге ат қойыңдар.
Барыс - өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болады. Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан биік тауларда мекендейді.
А) тау Ә) барыс
5. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
А) пайымдау Ә) әңгімелеу

Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау, ереже жаттау
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.

Мұғалім: Алпишева

Пайымдау мәтіні. жүктеу
17 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Бақылау диктанты
Бақылау диктанты
Диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×