Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 саны және цифры

18 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Глобокое ауданы, Алтай кенті
Жаңа Ертіс орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Тұрымова Майдан Жакупкановна

Саяхат сабақ
Cабақтың тақырыбы: Математикалық поезд. 9 саны және цифры (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру, 9 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру
Дамытушылығы: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, ө з бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру

1. Ұйымдастыру
2. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау
3. “Математикалық поезд” ойыны
4. Қорытынды
5. Үйге тапсырма

Психологиялық дайындық

Басқаның пікірін сыйла
Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлме.
Басқаның пікіріне құлақ сал
Ойлағаныңды ортаға сал.
Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі бейсенбі күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!

"Математикалық поезд" ойыны

Ойын шарты:
Математикалық поездбен Елордаға жету үшін “Оқып білген”, “Іздемпаз” аялдамаларынан өтуіміз керек. Математикалық поездға отыру үшін билет алу ережесі: Өткенді қайталау сұрақтарға жауап беру арқылы поездға отырғызу билетін аласыздар.
Сұрақ - жауап
• 10 дейін санау және кері санау
• Қандай геометриялық фигураларды білесің?
• Қосудың компоненттерін ата?
• Азайтудың компоненттерін ата?
• Қосудың қандай қасиетін білеміз?
• Ұшбұрыштың қабырғалары нелер?
• Бұрыштың қабырғалары ше?
• 5 > 4 теңсіздікті қалай оқимыз?
• 7 < 8 теңсіздікті қалай оқимыз?
• Цифр, санға анықтама бер
• 1 + 2 = 3 теңдікті қалай оқимыз?
• 3 – 2 = 1 теңдікті қалай оқимыз?

Билет алу үшін орындалатын тапсырмалар
1 - билет “Тальго - плацкарт”
Жұмбақ:
Мен бәрінен маңыздымын
Шатастырам сіздерді.
Егер мен бір айналсам,
Басқа сан болып шығамын.

2 - билет “Тальго - купе”
9 санын қандай тәсілдермен шығарып алуға болады?

3 - билет “Тұлпар тальго”
Көршісін тап ойыны:
9... 7... 1... 8... 2...
Поездға отырғызу аяқталды. Сапарларыңыз сәтті болсын!
Сергіту сәті
Елордаға тез жету үшін арадағы аялдамалардан өту керек.
“Оқып білген” аялдамасы
дәптермен жұмыс
“Іздемпаз” аялдамасы
1. Бір бұрышта мысық отыр, оған 3 мысық қарап отыр. Барлығы неше мысық?
2. Ең қысқа ай нешесінде бітеді?
3. Бір қаздың салмағы 5 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, салмағы қанша кг?
4. 3 қойдың аяғы нешеу?
5. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 3 мин уақыт кетеді. Бес жұмыртқаны пісіру үшін неше мин. кетеді?

Қонақ үйге орналасу
Кітаппен жұмыс:
45 - сабақ. 3 - тапсырма
0... 4... 8...
01... 5... 9

Үй тапсырмасы
Бағалау
Қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×