Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 саны және цифры

12 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сыныпта математика пәнінен өткізген ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 9 саны және цифрымен таныстыру.
9 санын шығарып алу жолы, салыстыру.
Сандар қатарындағы орны (тура, кері санау) туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: 9 санын, цифрын дұрыс жазуға үйрету, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ауызша санау, есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Жеке сандар, шаблондар, үлестірме қималар, математикалық жұмбақ, жаңылтпаштар, т. б.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ой – толғау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. (саяхат сабақ)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушы көңіл – күйін сабаққа әзірлеу.
1, 2, 3
Сынып іші тып – тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз.
(қызықты тапсырмалар орындап, түрлі ойындар ойнаймыз).
Пойызбен бару үшін не керек?
Билет алу керек.
Билет алу үшін мұғалім көрсеткен сандарды атап «вагондарға» отырамыз.
Мақсат қою.
- 8 санынан кейін қандай сан? (9)
Бүгін сабақта қандай санды үйренеміз?

ІІ. Өткенді қайталау.
1 – ші аялдама.
1 тапсырма. (шайнасқан сандар) 2, 5, 1, 4, 9, 6, т. б.

ІІІ. Жаңа сабақ. (2 – ші аялдама)
а) Тура санау. (9 санының орнын анықтау).

ә) Кері санау. 9, 8, 7, 6.
Сандар қатарында 9 саны қай саннан кейін келеді? (8)

б) – 9 саны қандай сандардан артық?
9 > 1
9 > 8
9 > 5
9 > 4
9 >7 т. б.
Оқулықпен жұмыс.
Кесінді өлшеу, жазу. 9см.

Тақтамен жұмыс. №з тапсырма.
7 +2 =9 ------------- 6 + 3 =9 ------------- 9 – 9 = 0
6 + 3 = 9 ------------ 9 – 7 = 2 ------------ 9 – 5 = 4
5 + 4 = 9 ------------ 9 – 8 = 1 ------------ 9 – 3 = 6
С е р г і т у с ә т і.
Топпен жұмыс.
- Алдарыңыздағы конвертте сандар бар содан теңдік құру.
- Теңсіздік. (мұғалім айтуы бойынша)
Дәптермен жұмыс.
1. 9 санын, цифрын жазу.
2. Өрнектер жазу.

ІV. Білімдерін тексеру.
3 - аялдама.
«Көршісін тап» ойыны.
Мойыншақтың жауабын тап.

V. Қорытындылау. 4-аялдама.
«Сандар әлемінен» оралу үшін оқушылар көздерін жұмып, тура, кері санаймыз.
а) математикалық жұмбақтар.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 941
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифры мен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолдары мен оның сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру, 9 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×