Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны және цифры

02 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу
Қажетті құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, текше, суреттер, слайд, жұмыс дәптері т. б
Билингвизм:

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

- жылдың қай мезгілі?
- қыс мезгілінде неше ай бар?
- қазір қай ай?
- балалар, біз өткен оқу іс - әрекетте неше санымен таныстық?
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 саны туралы тағы не білеміз?

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
Ойын: «Кім шапшаң?»
1. Аспанда неше ай бар?
2. Бағдаршамда неше көз бар?
3. Қонжықтың табаны нешеу?
4. Адамда неше көз бар?
5. Қолғапта неше саусақ?
6. Қоянда қанша құлақ бар?
7. Аспанда қанша жұлдыз бар?

1) 1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура, кері санау
2) сандардың құрамын табу
Жаңа сабақ
Логикалық жұмбақ
Төңкергенде өзгермейді қаласың таң
Айта қойшы білсең егер қай сан?
Логикалық сұрақ
Үйде бізде көп кісі
Мен олардан көп кіші
Апам, әкем, әжем
Атам мен бәрі неше кісі (5 кісі)
- 8 санына байланысты қандай мереке бар?
- 8 наурыз қандай мереке?
Дүниеде ең жақын адам, ол кім?
- 8 санына нелер ұқсайды?
Ой қозғау.
Анасы баласына компьютерге отыруға 9 минут уақыт берді. Кішкене уақыттан соң баласына анасы «балам бір минуттан соң тұрасың» - деді. Сонда баласы неше минут отырған? (8мин)
8 санының жазылуы. Құрамымен таныстыру.

Орал қаласы
№ 44 мектеп - гимназиясының
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Балмуканова Айдана Турлановна
8 саны және цифры. жүктеу
1 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Оларға іштей санауды үйрету. Санау кезінде 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады. Бұған дейін алынған білім: Сандық сәуле, тура және кері санау.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×