Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос және достық әңгімесі

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Дос және достық әңгімесі
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту. Оқушыларды Отанына, туған жеріне, анаға, досына деген сүйіспеншілікті арттыру, дамыту. Достық сезімін дұрыс түсінуге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: Пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, стикер, орындық, қолдың сызбасы, мақал - мәтелдер.
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, әңгімелеу, пікірлесу, топтастыру

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері.
«Жақсы адам - тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың» дейді екен халық даналығы дегендей бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. («Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Назерке - Нәзік
Ақерке – Ажарлы
Айнаш – Ақкөңіл
Нұршат – Нұрлы

- Достық деген не?
 Дос деп кімдерді айтамыз?
 Достарды қайдан кездестіруге болады?
 Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?
Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай алу бар. Адал дос мінін айтқанға арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос/амал дос/. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.
Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

Достық қалай сезіледі?
1. Достық ұстаған кезде қандай болады деп ойлайсыңдар?
2. Дәмі қандай?
3. Қандай ауа райын достыққа теңеуге болады?
4. Достық деген сөзді қандай жануармен байланыстыруға болады?
5. Достықты қандай бояулармен бейнелер едің?

Мінездеме беру
Өздеріңнің қолдарыңның суретін саласыңдар. Әр саусақтың бұрышына бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Досың туралы әңгімелейсің.

ІІІ. Өлең жолдары
- Енді, балалар, өлеңдеріңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым, ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

YІ. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адал достық
Адал достық
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Достық
Достық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің педагог - психологы Иманғалиева Гүлжан Орынбасарқызы
Достармен бірге
Достармен бірге
Қарағанды қаласы № 65 Жалпы білім беретін орта мектебі Мектепалды даярлық тобы Дайындаған: Бекова Акбота Токеновна
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×