Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адал достық

23 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адал достық
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Кешікпеу.
2. Өз уақытында бастау.
3. Бір - бірін сыйлау.
4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5. Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым, ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

V. «Достық. Бірлік.» үйін салу.

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал - мәтелдер
1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
3. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
4. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
5. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
6. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
7. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

VI. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін - еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2 - 3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты - жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
Адал достық жүктеу
2 835
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Дос және достық әңгімесі
Дос және достық әңгімесі
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту. Оқушыларды Отанына, туған жеріне, анаға, досына деген сүйіспеншілікті арттыру, дамыту.
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Достық
Достық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің педагог - психологы Иманғалиева Гүлжан Орынбасарқызы
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×