Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достармен бірге

31 наурыз 2013, Жексенбі
Өзін - өзі тану сабағы.
Тақырыбы: Достармен бірге


Мектепке даярлық тобының ұйымдастырылатын оқу іс - әрекетінің өзін - өзі тану сабағы.

Білім беру саласы: «Таным» және «Әлеуметтік орта».
Бөлімдері: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Достармен бірге.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті:
1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Күлімсірей қарайық.
Қолды көкке созайық,
Бәрінен де озайық!
Құшақтасып әр кезде,
Тату тәтті тұрайық!
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып көтеріңкі көңіл күй сыйладық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне кепіл бар деп ойлаймын.
Сабағымызды мына «Достық» туралы нақыл сөз арқылы бастасам ба деп едім:
Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын:
Адал дос бол!
Шыншыл бол!
Өтірік айтпағын!
Сөзіңнен қайтпағын!
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?
4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?

ІІІ Мәтінмен жұмыс.
«Екі дос» ертегісін тыңдау:
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Ертегіге қатысты сұрақтар:
- Екі дос қайда келе жатты?
- Кенеттен қандай жағдай болды?
- Екі достың іс - әрекеттері қандай болды?
- Аю кеткен соң ағашқа өрмелеп кеткен жігіт, қандай сұрақ қойды досына?
- Неге досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» деді? Қалай түсіндіңдер осы жерді?
- Ал сендер не істер едіңдер осы кейіпкерлердің орнында болсаңдар?
- Ағашқа өрмелеп мініп кеткен достың қылығы, дұрыс деп санайсыңдар ма?
- Неге, не себептен дұрыс емес деп ойлайсыңдар?
*********************
ІV. Тақтамен жұмыс:
- Балалар тақтаға қараңдаршы, «Достық қадамдарының өсиетті іздері» қалыпты, қане, оқиық.
- Міне осы өсиеттерді еске сақтау, әр кімге де қажет.
- Ал жүрек ішіндегі сөзді қалай түсінесіңдер?
- Яғни, қараңдаршы, сендерді біреу ренжітсе жақсы ма?
- Әрине ешкімге де ондай қылық ұнамайды деп сенемін, сондықтан сен өзіңе қандай сый - құрмет көрсеткенін жақсы көріп тұрсаң, тура сондай жақсы қылықты өзің жасай білу керексің.

1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Аққуды атпа,
Досыңда сатпа.
3. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.

4. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
7. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
V. Сергіту сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін - еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына жақсы тілектер ойлайық. (2 - 3 секунд) Тілектер ойлап болсақ, көзімізді ашайық.
VI. «Жүректен – жүрекке» тілек айту сәті.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай дәйек сөздерді жазып алайық. Бірақ біз оны дәптерге емес, біз оны кішкентай, әдемі жүректердің ішіне жазамыз.
Бол!
Адал
Шыншыл
Мейірімді
Көңілді
Жақсы
Тату
Ақылды

VIІ. Қорытынды.
- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Жүрекке жазған жылы сөздерді оқи отырып беру.

VIІІ. Мадақтау.
- Рахмет, балалар сау болыңыздар!
8 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Білімділік: Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік білім беру. Дамытушылық: Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту.
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Адал достық
Адал достық
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×