Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбейту және бөлу. 64*48 3072: 64

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Умарова Светлана Азатовна

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. 64*48 3072: 64
Сабақтың мақсаты:
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыр, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту, деңгейге сай есептер орындату, ауызша есептеу дағдыларын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тез шешім қабылдауға үйрету.
Көрнекілігі: суреттер. карточкалар, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтық түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, талдау, ойын, оқулықпен жұмыс, топтық, ұжымдық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.
Жарайсыздар оқушылар, сонымен бір - бірімізге сәттілік тілей отыра топқа бөлінеміз. 4 - топқа бөлінеміз. Әр түске байланысты,
қызыл түс –« Сандар» тобы
көк түс - «Көбейту» тобы
сары түс - «Бөлу» тобы
жасыл түс - « Өрнек» тобы

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Мен оны «Қалт етпей қағып ал» ойынымен тексеремін. №8 - есеп.
75*(2*5) =
750*( 2*5)=
720: (9*4)=
3600: (9*4)=
Топтарды бағалап жаңа сабақты бастаймыз.
Қызығушылықты ояту: Әр топқа сұрақтар беру
1 - топ Сандар – Көбейту қандай амалмен тексеріледі?
2 - топ Көбейту – Бөлу амалын қандай амалмен тексереміз?
3 - топ Бөлу - Көбейтудің компоненттерін ата?
4 - топ Өрнек - 2 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?

Жаңа сабақ: 64*48 көбейту және бөлу 3072: 64
№1 есепті слайдтан түсіндіре отырып, келесі есепті әр топтан бір - бір оқушыдан шығарып тақтада орындатамын, бағалап кетемін, дұрыс шығарған оқушыға бір күлегеш беріп отырамын. Және де орында тапсырманы орындатып бағалау.
№2 есеп: Ауызша орындалады: «Түсініп шығар» ойыны.
Бөлуді орында және тексеру.
5561: 67=
2496: 48=
5561: 83=
2496: 52=
Әр топ өздері орындайды. Бірінші болған топ есепті оқиды.
№3 - есеп « Қателеспе» ойыны.
Қалдықпен бөлуді орында.
5627: 64 =
6489: 48 =
5512: 83=
2471: 52=

Сергіту сәті Слайд. Қимылды қозғалыс.
№4 - есеп «Ойлан, тап» ойыны.
Әр топ шешуін айтады, дұрыс тапқан топқа бағалау беріледі.
№5 - есеп «Логикалық есеп». Әр топ жауабын айту керек.
№6 - есеп теңдеуді шеш. Тақтамен жұмыс. 4 - топтың топ басшылары жарыс түрінде тақтада жазып шығаруы керек.
№7 – есеп. Үлестірме қағазға жазып қоямын, соны 4 - топтың бір оқушысы, тақтаға шықпаған оқушы шығаруы тиіс.
№8 - есеп ауызша орындаймыз.

Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойынымен көбейту кестесін еске түсіру арқылы сабақты аяқтаймыз.
Сабақты қорыту
Бағалау. Әр топтың күлегешін есептейміз. Көп күлегеш жинаған топ «Көбейту» тобы болды.
Үйге тапсырма:
4 598
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі 64*48 және 3072: 64
Екі таңбалы санға бөлу тәсілдерін пысықтау. Ауызша және жазбаша көбейту тәсілдерін пысықтау. Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ойлау қабілетін дамыту.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×