Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қараторғай» Жүсіпбек Аймауытов

30 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО. Аягөз қаласы,
№5 жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна

4 сынып
Сабақ тақырыбы: «Қараторғай» Жүсіпбек Аймауытов
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
Мәтіннің мазмұнын игертіп, идеясын ашуға мүмкіндік туғызу. Оқу, ой қорытып, бейнелі жеткізе білу, іздену. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Алған білімін өмірде пайдалан алу. Ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасау. Құстарға қамқор болу.
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: Дүниені танып, ой қорытады; Оқиды, түсініп талдайды. Ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасайды;
Оқушылардың басым бөлігі: Оқып, түсінеді, саралайды. Сөздік қоры молайып, қиялы дамиды;
Кейбір оқушылар: Ойын қорытып, пікірін жеткізеді. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.

Әдіс - тәсілдер Оқушылар: Ауызша жауап беру, өлең құрастыру, өз ойын қорытып айту, ойдан әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, сурет салу, бұрынғы білімін еске түсіру.
Негізгі сөздер мен тіркестер: «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай», Құстарға қамқор болу. Қараторғайдың адамға тигізетін пайдасы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
АКТ, ДО, СТО, СКТ, «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»
Талқылауға арналған тармақтар: Мәтіннің мазмұны

Жыл құстары көктемде туған мекеніне оралды, адамдар ұя жасап қарсы алды, өйткені қараторғайдың адамға әкелетін пайдасы мол.
Жазылым бойынша ұсыныстар: «Буриме», «Бес жолды өлең» әдісі арқылы өлең шығару.
СКТ, АКТ, Топтық жұмыс, Диалогтық оқыту, ЖЕС оқыту, Оқу мен оқытуды бағалау, көшбасшылық,
«Буриме» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Екі шындық, бір өтірік» стратегиясы,
«Сенемін, сенбеймін» әдісі, «Болжау кестесі», сұрақ - жауап

Алдыңғы оқу «Ана тілі». Ғафу Қайырбеков, Жүсіпбек Аймауытов
Жоспар
Жоспарланған уақыт Ұ
йымдастыру - 3 мин
Алдыңғы оқу – 7 мин
Тану – 1мин
Білу – 4мин
Пайдалану – 13
Сергіту сәті – 1 мин
Іздену - 10
Қорытындылау - 4
Бағалау - 1
Кері байланыс - 1
Ресурстар
Суреттер, таратпа материалдар, оқу құралдары, АКТ.

Басталуы
Ұйымдастыру. Топқа бөліну. Үйрек, қараторғай, тырна, бозторғай.
Ынтымақтастық атмосферасын құру: Әр құстың пайдасын айта отырып, тілек тілеу.
Бағалау: Топ басшысы әр дұрыс жауап, орындалған тапсырма сайын өз тобындағы оқушыларға ою таратып отырады. «Құс қанаты» оюы жайлы айту.
Үй тапсырмасын тексеру: «Ана тілі». Ғ. Қайырбеков.
3 топ оқушыларынан өлеңді жатқа сұрау. 1 топ оқушысы «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбына жазып келген шығарманы оқиды.
Ортасы

ІІІ. Мағынаны тану: (сұрақ - жауап)
- Ақын өлеңде ана тілінің құдіретін немен теңестірді?
- Неліктен осы құстардың тобына бөліндіңдер, бұлар қандай құстар?
Табиғат Жыл құстары
- Осы екі ұғымның қандай байланысы бар?
- Бүгінгі оқитын мәтін не туралы болмақ?
- Жыл құстарының отанына оралуы.
Қараторғай жайлы мәліметті толықтыру.
Қараторғай құсы торғай тұқымдасына жатады. Оның түсі қара, бір түсті болып келеді. Ұзындығы 19 - 22 см - дей, салмағы 80 - 100 грамдай боп келетін кішкене құс. Тұмсығы ұзындау, өткір, сәл имек. құйрығы қысқа болып келеді. Бұл құс - жыл құстарына жатады, көктемнің алғашқы айларында ұшып келеді. Адамдар олар келетін уақытта үйшік жасап, оның ішіне жем салып, қарсы алады.
Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері.(1889 – 1931). Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.

Мәтінмен жұмыс:
Іштей оқыту.
Сөздік жұмыс: Қаумалап, отағасы, сырғауыл
Тауып оқыту.
1 - топ. Көктемгі дала көрінісі айтылған тұс.
2 - топ. Балалар мен Қамбар атаның диалогы.
3 - топ. Қараторғайдың ауылға келгендегі әрекеті.
4 - топ. Атайдың қараторғай жайлы айтқан сөзі.

Оқулықпен жұмыс: Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Естеріңе түсіріп көріңдер.
("Жаралы торғай" Ө. Тұрманжанов; «Суықторғай» Максим Зверев).

Дәптермен жұмыс:
Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптерге жазу.
2. Топтық жұмыс:
1 - топ: Сурет салу, мәтіннің мазмұнын айту.
2 - топ: «Буриме» әдісімен өлең құрастыру, бөлікке бөліп ат қою.
Берілетін ұйқастар:
... жылынды,
... жасады.
... жүрді
... сұрады.
... қол басындай,
... қорғасындай.
... түсіне алмай.
... көк шықты
... ұшып келді,
... мекендеді.
... мекендеп алады
... шабады,
... қырады.

3 - топ: «Досыма хат» стратегиясы. (Қараторғайдың пайдасы)

4 - топ: «Жарнама жасау» (Жыл құстары оралды)
Жарнама жасау:
Жыл құстарының суреттері: бозторғай, қарлығаш, тырна, қараторғай, сарышымшық.

Қараторғай, қараторғай,
Ұша түс биік самғай.
Болса да кіп - кішкентай.
Алады бақты қорғай.
Қонағым қол басындай,
Мінезі қорғасындай.
Өзі кіп - кішкентай,
Ол қараторғай.

Сергіту сәті (Қараторғай әнін тыңдау)
3. Деңгейлік тапсырма: /жұптық жұмыс/
1 - топ.
1 - жұп: шешуі құс болатын жұмбақ құрастыру
2 - жұп: құс туралы мақал - мәтелдер айту.
3 - жұп: «Сенемін, сенбеймін» әдісі
Сөйлемдер----------------------------Сенемін ---Сенбеймін
Қар кетті
Атайдың қасында балалар жүрді
Балалар үйшік жасады
Үйшік үйдің төбесінде тұрды

2 - топ.
1 - жұп: «Синквейн» әдісі
2 - жұп: «Екі шындық, бір өтірік» әдісі
3 - жұп: «Бөшкедегі сөздер» (көктем, жапырақ, гүл, үйшік, бәйшешек, қараторғай, сабақ, қоңыздар, кітаптар, балалар, қарт, боран, шегіртке)
3 - топ.
1 - жұп: Құс туралы халықтық болжамдар
2 - жұп: «Құс қанаты» оюын ою
3 - жұп: «Қараторғай» сөзінен бірнеше сөз құра
4 - топ.
1 - жұп: Қараторғай сөзін сөз құрамына, дыбыстық талдау жасау.
2 - жұп: «Топтастыру» стратегиясы.
3 - жұп: Жыл құстарын ата

Аяқталуы
8. Қорытындылау: Тест.
1.«Ана тілі» өлеңінің авторы кім?
А) Марат Қабанбай
Б) Ғафу Қайырбеков
В) Жүсіпбек Аймауытов
2. Қалай тозар сендік асыл сөз енді?! - жолдары қай шумақта?
А) 1
Б) 2
В) 3
3. Жыл құстары қатарын көрсет
А) Қараторғай, тырна, қарға
Б) Сауысқан, қараторғай, бұлбұл
В) Қараторғай, тырна, аққу
4. Жан - жағына жалтақтап қарады да,...
А) үйшіктің ішіне кіріп кетті
Б) аспанға ұшып кетті
В) ағаш бұтағына қонды
5. Қоңыздар, шегірткелер қараторғай үшін
А) қорқынышты
Б) азық
В) дос
Дұрыс жауабы:
1. Б
2. Б
3. В
4. А
5. Б
Бүгінгі сабақ...
5 ұпай – мен үшін маңызы зор
4 - 3 ұпай – мен үшін әлі түсініксіз
2 - 0 ұпай – мен үшін еш маңызы жоқ

Бағалау: /ұпай жинап, санау, қорыту/
Үйге тапсырма: Қараторғайдың пайдасы жайлы шығарма жазып келу
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі

Қосымша ақпарат: Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ - абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат танып, 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша - қазақша екі кластық мектепте білім алуды бастаған. Мектепте мұғалім, Романдары - Ақбілек, Қартқожа, ертегі – Пәренжі.
Қараторғай – дене тұрқы 22 см - дей. Қанатын жайғандағы ұзындығы шамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см - дей. Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады. Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр. Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Караторғай жыл құсы. Қыркүйек - қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігіне, Африкаға, Австралияға ұшып кетеді. Наурыз айында өз мекеніне ұшып келеді

Қаумалап – бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы. Отағасы – отбасындағы ер адам, әке. Сырғауыл – жіңішкелеу келген ұзын ағаш.
Деңгейлік тапсырмалар: А, Б, С деңгейіндегі оқушыларға түсті стикер арқылы анықтап, тапсырмалар беріледі.
Оқуды бағалау: Ұпай жинау (Ою)
Оқытуды бағалау:
Тест қорытындысы.
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
Қауіпсіздік ережесі: Оқушының партада дұрыс отыруын қадағалау.
АКТ мен жұмыс жасау ережесі.
Құндылық: Құстарға қамқор болу. Қараторғайдың адамға тигізетін пайдасы.
18 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, іс - әрекетері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, идеясын ашу.
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ж. Аймауытов Қартқожа
Ж. Аймауытов Қартқожа
Көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыланады. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
ОҚО, Шымкент қаласы, Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Болған Губайдуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×