Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар: Су. Судың қасиеті

03 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Су. Судың қасиеті
"Сындарлы оқыту - заман талабы" тақырыбында деңгейлік курсты оқып келген ұстаздардың ұйымдастыруымен мектепішілік семинарда конференция, коучингтер, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, тәлім алушылардың арасында "Үздік тәлім алушы " байқауына қатысып "Жаңашыл ұстаз " номинациясымен марапатталды.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы Су. Судың қасиеті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылықтағы маңызымен оқушыларды таныстыру, судың қасиеті туралы ғылыми түсінік беру.
Сабақ мақсаттары

1. Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру. Әр түрлі тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету. Су туралы мағлұматтар беру.
2. Оқушылардың су туралы білімдерін кеңейту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи әдіс - тәсілдерді қолдану, шығармашылыққа баулу. Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету
Барлық оқушылар: Оқи алады
Көптеген оқушылар: Сұрақтарға жауап бере алады
Кейбір оқушылар: сұрақтарға да жауап бере алады.
Жетістік критерийлері
Барлық оқушылар: Оқи алады, өлі табиғатты және тірі табиғатты ажырата алады
Көптеген оқушылар: Сұрақтарға толық қанды жауап бере алады
Кейбір оқушылар: Логикалық сұрақтарға да жауап бере алады., шығармашылықпен айналыса алады.

Тілдік мақсаттар Табиғат туралы әңгімелеу, диологқа түсіру.
Құндылықтарды дарыту Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге баулу
Пәнаралық байланыстар: Әдебиеттік оқу, математика
АКТ қолдану дағдылары: Сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін қарай оқыту, диалогтық оқыту
Бастапқы білім

1. Үй тапсырмасына берілген " Ауа. Ауаның қасиеті"
«Интервью» стратегиясы
1. Жердің айналасын......... қоршап тұр. 2. Адам ауасыз................. қана өмір сүреді. 3. Ауаның қасиеттері:............................... 4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып,......................... шығарады. 5. Зауыттар, фабрикалар, көліктер.................................... ластайды.

Сабақтың басы
Психологиялық ахуалды жақсарту
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
- Балалар қазір қандай сабақ?
Топқа бөлу "Жыл мезгілдері"
Жаңа тақырыптың таныстырылымы."Ой қозғау стратегиясы"
- Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз? (Айнала қоршаған табиғат, су, жан - жануарлар туралы білім аламыз.) - Табиғат туралы не білеміз? (Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.)
- Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, азық, киім, баспана қажет)
- Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады? (Табиғаттан алады.)
Жұмбақ шешіп көрейік! Жаңа тақырыпты ашу.
Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға. (Су)

Тырс, тырс етеді,
Жерге сіңіп кетеді. (Жаңбыр)

Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Сабақтың
ортасы

Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
«Су. Судың қасиеті» тақырыбы бойынша түсінік беріледі.
1 - слайд "Табиғаттағы судың айналымы "
1 - тәжірибе.
Судың түсі қандай? Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт – ақ, ал су - түссіз.
Таза судан аз мөлшерде алсаң, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Түсінік беру.

2 - тәжірибе.
Судың мөлдірлігі қандай? Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсы қасық анық көрінді. Неге? Бұл тәжірибеде судың қандай қасиеті барын байқадың. Суды иіскеп және ішіп көр. Бұдан шығатын қорытынды: су түссіз, мөлдір иіссіз, дәмсіз.
3 - тәжірибе.
Судың пішіні бола ма? Сен бірнеше ыдысқа: кесеге шыны ыдысқа, стаканға су құй. Осы ыдыстағы су пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың өзіндей емес пе? Олай болса суда тұрақты пішін болмайды. Ол кез келген ыдыстың пішінін алады екен.
4 - тәжірибе
Таза суды шыны бетіне тамызамыз. Оның астынан май шаммен қыздырамыз. Су буға айналып, ұшып кетеді. Ал шынының бетінде ақшыл дақ қалады. Бұл не?
Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар. Әсіресе еріген заттар ащы суда көп болады
«Кім көп біледі?» ойыны. Бұл ойында оқушылар мақал - мәтелдерді, тыйым сөздердің орнын табу керек.
1 - топ.
1.….. да сұрауы бар.
2.….. жер – нулы жер.
3. Сағадағы ….. ішеді, жағадағы у ішеді.
2 - топ
4….. тіршіліктің көзі.
. 5….. тіршілік мекені.
6…. жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.
3 - топ
7...... түкірме.
8….. көрсең көзін аш.
9….. өмір жоқ.
4 - топ
10Кірдің ….. басуға болмайды.
11. Түнде ….. барма.
12….. өмір тұссыз аспанмен тең.
Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. Қазақстан көлдері мен өзендерін жазу.
Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз көлі, Сасықкөл,
Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Шу.
2 - топ. Су нақыл сөздер жазу.
Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді.
Үй сатып алсаң көршіңе қара, жер сатып алсаң суына қара
Су нәзік әрі жұмсақ болса да, тауды қопарып жіберуге де күші бар.
3 - топ. Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Суға түкірме.
Беті ашық қалған суды ішпе.
Түнде суға барма.
Суды ысырап қылма.
Қолыңды жуған соң сілкіме.
4 - топ Су туралы жұмбақтар жаздыру
1. Жылт - жылт етеді,
жылғадан өтеді. (су)
2. Өзі судан жаралған
Бірақ судан қорқады.(мұз)
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.(бу)
«Қадам бас» әдісі
1 - қадам Судың неше күйі бар?
2 - қадам. Судың қасиеттерін ата.
3 - қадам. Адам сусыз неше күнге шыдай алады?
4 - қадам. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр?

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы,
Ынталы ауылы Қ. Бектаев атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш пәні мұғалімі Есенбаева Венера Сапаралиевна

Қысқа мерзімді жоспар: Су. Судың қасиеті жүктеу
9 304
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды. Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру. Әр түрлі тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету. Су туралы мағлұматтар беру.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×