Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

27 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»
Ана тілі 3 сынып
Сабақ мақсаты: 1. Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат беру. Біржан өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Біржан өнері туралы жан – жақты мәлімет беру.
2. Оқушыларды түсіндіріп, дауыстап оқуын қалыптастыру. Оқушыларды мәнерлеп, дауыс ырғағымен айтып үйрету.
3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық талғамға үйрете білу.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс – тәсілі: топтастыру, еркін жазу стратегиясы, бір айналым сөйлесу, ой шақыру

Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық
- Оқушылар өткен тақырыптарымызды қайталайық. Бала Тұрар әңгімесі болатын. ендеше, әңгімедегі Тұрардың мұғалімі айтқандай «Қайталау – білімнің айнасы». Біз өткен тақырыптарымызда Бала Абай мен Мұхтар аулына саяхат жасайық. Абай ауылдарына жыршы, ақын келіп еді ғой. «Қайталау – білімнің айнасы» дедік қой бүгінгі өтетін сабағымызбен байланысы бар.

Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге «Тұрардың болашағы» атты өз ойларымызды білдірсек. «Бір айналым сөйлесу»бойынша кім дайын?
Ой ашар. Сабақ эпиграфы: «Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік»
Бұл сөздің мағынасын сабақ соны түсінетін боламыз. Неліктен осылай айтылғандығы.
Ой шақыру. Мақал – мәтелдер мағынасын түсіндіру.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Саусақ ілікпей,
Ине ілікпейді.

«Жасырын сөз» ойыны.
Ребусты шешу.
Біржан сал
Сал - сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші.
Біржан сал туралы өлеңді жазған Сәкен Сейфуллин.
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығына шолу
Көкшенің сал – серілеріміз шыққан. Ақан сері ақ тоқты, біржан сал секілді. Көкшетаудың табиғаты қандай әдемі болса, ақын, сал серісі де сондай кең, тартымды болған.
Біржан өлеңі
1. Мұғалімнің оқуы
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы
Сергіту сәті
Домбыраны көбіне не үшін қажет. айтыс өнеріне пайдаланады. Сол сынды Біржан салдың бізге белгілі сара ме найтысы осы күнге дейін ел аузында жүр. Ұмытылмайтын ел қазынасы.
Біржан мен Сара операсынан үзінді
Ендеше сол үзіндіден тыңдайық. Ал біздің арамызда сондай өнері бар адам бар ма?
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал - Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда "Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.

Біржан:
Қызы екен Тастанбектің ақын Сара
Бәйгеден күнде келген жалғыз қара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен,
Көрмедік сөзді адамды жеке дара.

Сараның сөзі:
Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Ішінен ер қаптағай шықтым дара,
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем,
Келемін бір сүрінбей жалғыз қара.

Біржан сал киносынан үзінді көрейік.
Осы алған мәліметтер бойынша топтастырайық.
1 - топ: Біржан туралы сипаттама берейік.
2 - топ: Постер қорғау.
3 - топ: Біржан бейнесін неге теңейміз?
Суырып салма ойыны
................ ой
................. ай
................. әй
................. ей
«Еркін жазу» стратегиясы бойынша бүгін не білдік өз ойымызды еркін жазамыз.
Үйге. Біржан өлеңін жаттап келу
4 288
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Біржан
Біржан
Өлеңді түсініп оқып, негізгі ойын таба білуге, тұжырым жасауға үйрену. Шығармашылық қабілетін ұштау.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Шалқар қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ашықбаева Мирамгүл Қостайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×