Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин “Біржан”

14 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қоңырау сыңғыры үнімен,
Сыныптың есігі ашылды.
Қарсы алып қонақты иілген,
Көреміз әдепті ұл - қызды.
Отырып жайғасып алайық,
Түгел ме құралдар қарайық.
Ұстаздар келіпті қонаққа,
Бұрылып сәл назар салайық.
Күй күшті, тауды, тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын.

С. Сейфуллин. “Біржан”
С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен – қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты.
Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

Біржан сал Қожағұлұлы
Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған.
Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі.
Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ, “Әнші, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады.
Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады.
Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтіп, ұстаз деп таниды.
Сөздік жұмыс
Нарқын - сөздің бағасы, құны.
Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам.

Біржан салдың әні "Теміртас"
Біржан деп атым шықты алты алашқа,
Құдайым берсін өмір Теміртасқа.
Жасымыз 61 - ге келгенінде,
Құдайым берді науқас ғазиз басқа.
Алдымда шамшырағым, Теміртасым,
Тілегім болсын ұзақ сенің жасың.
Қош болыңдар бауырым, балаларым,
Байқаймын ажал шіркін құтқармасын.

Тапсырманы талдау
“Нарқын” сөзін басқа сөзбен алмастырып көр.
“Ағызған қызыл тілден шекер балды” жолдарының мағынасын қалай түсінгеніңді әңгімеле.
Сөзге шешен, тілге жүйрік, суырып салма

Жыр жазамын жүрегіммен
1 - топ
Кім білмейді Біржан салды,
............... шешен тілді.
............... шырқағанда,
............... жеңілмейді.
2 - топ
"Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра".

Сұрақтар
1. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?
2. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған?
3. Біржанның қандай әндерін тыңдадық?
Проблемалық сұрақ
Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан

Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, “Ләйлім шырақ”, “Теміртас”

Әнге әуес, күйге құмар бала, өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі. (М. Әуезов)
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 189
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Біржан
Біржан
Өлеңді түсініп оқып, негізгі ойын таба білуге, тұжырым жасауға үйрену. Шығармашылық қабілетін ұштау.
Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»
Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»
Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат беру. Біржан өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Біржан өнері туралы жан – жақты мәлімет беру. Оқушыларды түсіндіріп, дауыстап оқуын қалыптастыру. Оқушыларды мәнерлеп, дауыс ырғағымен айтып үйрету.
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×