Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

04 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер.
Сабақ мақсаты:
А) Жылдамдық, уақыт, қашықтық байланысына сәйкес бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығаруға үйрету.
Б) Оқушылардың шамаларды байланыстыра есептей білуге, бөлу және көбейту амалдарын орындауға, теңдеу шешу, фигураларды салыстырудағы білім дағдыларын дамыту.
В) Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, өнерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: ұжымдық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар.
Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық даярлық
Жеті бірдей өренбіз,
Жеті түрлі шумақпыз,
Жеті бірдей әуенбіз,
Жеті түрлі бояумыз.
Кең пейілді жүрекпен,
Ақ пейілді ниетпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жылдамдық, уақыт, қашықтық.
U=S: t S=Uх t t=S: U
Суреттермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ:
№ 1 - Суретте не бейнеленген?
- Велосипедші және мотоциклші қандай әрекет орындауда?
- Қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
- 60 - 16 айырмасы нені білдіреді?
- Межелі жерге қайсысы бұрын жетеді.

№ 2
А) 630 км жолды жылдамдықтары 70км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді?
S=630 км -------------- 630: 70=9(сағ)
U =70км/сағ --------- 630: 90=7(сағ)
U=90км/сағ ---------- 9 - 7=2(сағ)
t -?
Ә) Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды? 10 минуттан кейін ше? 1 сағаттан кейін ше?
U=20м/с
U=18м/с
t - 10с - 10мин - 1сағ - S -?
(20м/с - 18м/с) х10с=20м
Б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап.
№ 3
Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы неше аспап алынды?
Қобыз - 2
Домбыра -? 6 есе артық
Сыбызғы -? 7 есе кем

Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер. жүктеу
18 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Велосипедші сағатына 30 км жылдамдықпен 60 км қашықтықты жүріп өтті. Ол қанша уақыт жол жүрді?
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді өз бетімен түрлі тәсіл арқылы шығара білуге дағдыландыру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық, уақыт, қашықтықпен таныстырып, қозғалысқа берілген есептерді құрастыру және шығаруды үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×