Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім еліне саяхат

15 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
Логикалық ойлауларын дамыту, сөздік қорын молайту
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слаид, қима қағаздар, т. б
Түрі: сайыс сабақ

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім:
Армысыздар! Бүгін біздің 4«Г» сыныбында сыныптан тыс ашық сабақ. «Білім еліне саяхат»атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Тілім - тірегім (қазақ тілі бойынша)
3. Мәнерлеп оқу (әр топтан 2 оқушы)
4. Кім жүйрік? (математика)
5. Ойлы болсаң озып көр (сурет және сұрақтар арқылы мақал - мәтелдер тауып айту)
6. Қас қағым сәт (топ басшылар сайысы)
Сабағымыздың мақсаты:
Балалар, біз сіздермен бірге Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
Астанаға барып көргендерің бар ма?
Астана туралы не білеміз?
Астананың қандай көрікті жерлері бар?

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың, - дей келе сайысымызды бастайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.

І айналым: Таныстыру
І топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл - қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

ІІ айналым: «Тілім - тірегім» (қазақ тілі пәні бойынша)
Балалар, біз ең бірінші Астананың символына айналған Бәйтерекке барамыз. Бәйтерек туралы мәлімет. "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.
Ал, енді Бәйтерекке кіру үшін билет алуымыз керек, ол билеттер мына конверттерде. Әр топ басшысы келіп конверт алады. Әр топтағы оқушылар өздеріне түскен сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

ІІІ айналым: «Мәнерлеп оқу» (әр топтан 2 оқушыдан)
Бәйтерекке де кіріп шықтық, енді қайда барамыз.
Ханшатыр орталығына барғыларың келе ме? Ханшатыр туралы мәлімет.
«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын - сауық және сауда - саттық орталығы. 2010 жылы 6 - шілдеде Астана күніне орай ашылған.
Олай болса тағы да билет аламыз.
Қалай ханшатыр сендерге ұнады ма?

ІҮ айналым: Кім жүйрік? (математикалық сайыс)
Думан ойын - сауық орталығындағы Окенариумға барайық, балала Окенариум туралы естігендерің бар ма? Кім айтады?
Думан ойын - сауық орталығы 2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған
Қазақша Мұхитбақ деп аталады, сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2000 - нан аса данасы əкелінген.
Бұл жерге кіру үшін де билет аламыз. Әр топ мүшелеріне жеке - жеке тапсырмалар беріледі.

Ү айналым: Ойлы болсаң озып көр (мақал - мәтелдер тауып айту) Сұрақтарға жауап беру арқылы және суреттер арқылы мақал - мәтелдер құрастыру Астананың тамаша жерлері өте көп екен, балалар. Енді Пирамидаға барайық, яғни Бейбітшілік пен келісім сарайы. Ол туралы қандай мәлімет білесіңдер?
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25, 5 мың м2 Ғимарат ағылшын архитекторы Н. Фостердің жобасымен салынға
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білем елдің,- дей отырып, соңғы айналымымызды бастайық.

ҮІ айналым: Қас қағым сәт (топ басшылар сайысы)
Саяхатымыз да аяқталып келеді, олай болса, ең соңында циркке барып, демалайық. Қалай қарайсыңдар? Сендерге цирк ұнай ма?
Цирк ғимараты “ұшатын тәрелкеге» ұқсас салынған. Көрермендер залының диаметрі 13 метр, 2000 көрерменді қамтиды. VIP - ложа 36 орынға бөлек орналасқан.
Міне Астана циркі, билет алайық. Топбасшыларын ортаға шақырамыз. Әр топбасшыға негізгі пәндер бойынша 20 сұрақтан қойылады. Жылдам және тез жауап берулері керек.

Қорытынды: Әділқазылар алқасы ұпайларды санап қорытындылағанша Әсияның орындауында «Анаға сәлем» әнін тамашалайық!
Қорытынды: Ұпайлар бойынша жеңген топ марапатталады

Білім еліне саяхат. слайдты жүктеу
2 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ еліне саяхат ойыны
Қазақ еліне саяхат ойыны
Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкер - шілікке, өз бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×