Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Зерде" интеллектуалды ойыны

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: экран, подьюм, тапсырмалар
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің 1 «ә» сыныбында өтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.
4. Білгенге маржан. Жұмбақ шешу
5. Құрастырма сурет
6. Математик
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
І таныстыру
І топ «Қыран» тобы
Ұраны: «Қырандай қалықтап самғаймыз!»

ІІ топ «Тұлпар» тобы
Ұраны: «Біз талапты баламыз,
Біліммен алға самғаймыз!»

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі
ІІ «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 30 - дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді.

І топ
1сұрақ: Төрт түлікті ата
Ж: қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі
2 сұрақ: Өлі табиғатқа нелер жатады?
Ж: тас, құм, тау, ай, бұлт, су
3 сұрақ: Зеңгібаба қай малдың пірі?
Ж: Сиыр
4 сұрақ: Сөйлем неден құралады?
Ж: Сөзден
ІІ топ
1. Сұрақ: Дауыссыз дыбыс нешеу?
Ж: 25
2. сұрақ: Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
Ж: 3
3 сұрақ: Жыл мезгілдерін ата
Ж: Күз, қыс, көктем, жаз
4 сұрақ: Табиғат құбылыстарын ата
Ж: Жаңбыр, жел, қар, боран, құйын, аяз т. б

ІІІ бөлім «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»Логикалық тапсырма суреттер бойынша беріледі.
1-сұрақ: Кемелердің иелерін тауып көр! неге олай ойлайсың?
2-сұрақ: Әр заттың жұбын тап, олар бір – біріне не үшін керек?
3-сұрақ: Қоянға далаға шығу үшін қай зат керек және не үшін оған ол зат қажет?

ҮІ бөлім. Білгенге маржан
Жұмбақ
І топқа
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Ж:
ІІ топқа
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты
Ж:
Ү бөлім. Құрастырма сурет

ҮІ бөлім. Математик
15+2 ------- 16+1
7 - 2 -------- 10+2
10 - 4 ------- 5 - 3
11 - 1 ------- 9 - 2
9+2 --------- 12+2
Қорытынды:
«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім еліне саяхат
Білім еліне саяхат
Тауды биік деме сен Талаптансаң шығарсың Жауды мықты деме сен Білімді болсаң жығарсың, - дей келе сайысымызды бастайық.
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Зерде интеллектуалды ойыны
Зерде интеллектуалды ойыны
Оқушылардың алған білімдерін сынып ішіндегі оқушылар арасында сарапқа салу; логикалық ойлау машығын қалыптастыру.
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Зерде интелектуалдық сайыс сабағы
Зерде интелектуалдық сайыс сабағы
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
"Зерде" интелектуалды ойыны
"Зерде" интелектуалды ойыны
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Гүлбарша Құбекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×