Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлы болсаң, озып көр

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Барысы:
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушыларынан екі топ құрылып өзара білімдерінен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

Топтармен таныстыру
Ортада бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» тобы.
«Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынымыздың өткізілу жоспарымен таныс болыңыздар.
1-айналым «Ғажайып жетілік» деп аталады.
Бұл айналымда оқу бағдарламасы аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 – ұпай беріледі.
2-айналым «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 - минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындап, барынша көп есеп шығару керек. Әр топ шығарған есептерінің сандарына байланысты ұпай жинайды.
3 - айналым «Құрастырма сурет» Бұл айналымда құрастырылған бейне көрсетіледі. Геометриялық фигуралардан осы көрген бейнені құрастыру керек. Қай топ бірінші болып құрастырып шықса, сол топ 5ұпайды алады. Жартылай орындаған топ 2 ұпай алады.
4 - айналым «Кім жылдам» Бұл ойында екі топқа екі сөз беріледі. Осы сөздерден бірнеше сөздер құрастыру керек. Әр сөзге 1ұпайдан беріледі.
Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
5 - айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
6 - айналым « Анықтама беру» Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі. Топтар берілген мәтін үзіндісін оқи отырып
Бұл мәтіннің қалай аталатынын және кімнің шығармасы екенін табу керек.

Қорытындылау
Ойын нәтижесін анықтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 620
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім еліне саяхат
Білім еліне саяхат
Тауды биік деме сен Талаптансаң шығарсың Жауды мықты деме сен Білімді болсаң жығарсың, - дей келе сайысымызды бастайық.
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Біздің туған өлкеде
Біздің туған өлкеде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы орта мектебінің география пәні мұғалімі Утеулиева Шайза
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды ауылы, № 60 Ж. Түменебаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
Сөз мерген
Сөз мерген
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×