Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз мектепке барамыз

31 шілде 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Біз мектепке барамыз»
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдығына алғаш рет қадам басқан бүлдіршіндеріңіздің 0 «е» мектепалды даярлық тобының оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. «Біріншіге барамыз» атты, қоштасу кешімізге қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.(Ортаға келеді)
Би: «Вальс»

Мұғалім: Өтті қызық көп күндер
6 жасқа жеттіңдер
Барасыңдар біріншіге
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың

1 - оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Армысыздар ата - ана, үлкендер!
Қызығына балалардың мәз жандар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың
Болсын солай әр бір күнің, әр айың

2 - оқушы: Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем
Арқала сөмке асына
Мектепке барам асыға

3 - оқушы: Армысың, мектеп әр бесік
Айқара ашқан есігін
Тәрбие, білім, бар нәсіп
Өзіңде өрлеп өсемін
Үйретерсің еңбекке
Сен арқылы ойлармын
Сен арқылы ұғармын
Жұмбақ әлем сырларын

4 - оқушы: Көңілдіміз, күлеміз
Әріптерді білеміз
Мектеп біздің үйіміз
Тату - тәтті жүреміз

5 - оқушы: Даярлығым қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін

6 - оқушы: Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Біріншіге барамын
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Мұғалім: Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал - бұлағы шөлдеткен - дей келе келесі кезекте тақпақтарға берейік.

7 - оқушы: Мектебімнің есігін
Беске тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз

8 - оқушы: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата - ананы
Мектепке кетіп барамыз

9 - оқушы: Қызық күндер өткіздік
Даярлықтың бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында

10 - оқушы: Даярлығым қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін

11 - оқушы: Ең әдемі көрікті
Мектебіміз үйіміз
Үйрендік бар әріпті
Біздер жаза аламыз

12 - оқушы: Қолыма алып кітапты
Үңілдім тұңғыш әріпке
Қоңырау үні сыңғырлап
Тұрғандай маған қол бұлғап
Мұғалім: Мың бұралып арулар аңдып басып
Келеді міне ортаға шалқып - тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді бимен Інжу, Іңкар атты қыздарымызды қарсы алайық.

Би: «Моно - моно»
Мұғалім: Мектебім жүректегі айбыным
Әрдайым көкте тұрар ай күнім
Мектеп десе дүрсілдейді, жүрегім
Жетістігі алға оқып өрлесін - дей келе келесі кезекте тағы да бүлдіршіндеріміздің лебіздеріне кезек берейік.

13 - оқушы: Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана

14 - оқушы: Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Даярлықпен қоштасып
Біз біріншіге барамыз

15 - оқушы: Даярлығым байтағым
Күліп - ойнап қайтамын
Ән саламын, би билеп
Тақпақты да айтамын

16 - оқушы: Сауат ашудан әріп танып
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиеден тәлім алып
Санамызға тоқимыз

Біз мектепке барамыз. жүктеу
6 898
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×