Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз

14 маусым 2019, Жұма
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Гимн: «Әнұран» орындалады.
Тәрбиеші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Мектепалды даярлык тобының
«Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз» (хормен) атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші:

Өтті қызық, көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.

Ақерке:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар,
Таусылмастай ағытып ой - арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.

Нұрдәурен:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әр бір күнің, айың.

Хор: «Біздің балабақшамыз»
Би: Үнді биі «Зуби - зуби»

Мая:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.

Дәурен:
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!

Ұлан:
Қуанамыз, сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,

Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз. жүктеу
2 189
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×