Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны мен цифры

24 қыркүйек 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды 7 санының құрамымен таныстыру, 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау - жинақтау, қызығушылығын ояту.
Жаңа технология: интерактивті оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

М: Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
О: Төрт мезгіл бар.
М: Қазір бізде қандай мезгіл?
О: Қыс мезгілі.
М: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
О: Күн суытып, қар жауады. Адамдар жылы киінеді.
М: Дұрыс айтасыңдар, балалар!

II. Математикалық жұмбақ.
М: Енді, балалар, мына жұмбақтың шешуін табайықшы?
О: Жеті.
М: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Сендер оның шешуін қалай таптыңдар?
О: 5 санына 2 санын қостық.
М: Жарайсыңдар!

III. Жаңа материалды меңгерту.
М: Онда бүгін біз балалар математика сабағында «7 саны мен цифры» деген тақырыпты өтеміз. Балалар, мына есепшотқа қарайықшы. Осы есепшоттан алтауын шығарып алып, сол алты есепшотқа бір есепшотты қосайықшы. Сонда бізде неше есепшот болады екен?
О: Жеті есепшот болады.
М: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ал, енді келесі суретке қарайықшы. Мына суретте неше үшбұрыш боялған екен?
О: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
М: Сонда балалар, алты деген саннан кейін неше деген сан келеді екен?
О: Жеті саны келеді.
М: Ал, енді 7 санына байланысты нелерді білеміз?
О: 7 ата, 7 күлше, 7 күн.
М: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Енді 7 деген санға байланысты қандай ертегіні білесіңдер?
О: «Жеті лақ» ертегісі.
М: Жарайсыңдар, балалар! Онда барлығымыз «Жеті лақ» ертегісін тыңдап көрейікші.
Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөрте де, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:
- Лақтарым, шырақтарым! Шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.
Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.
Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)
- Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Сонда пештің ішінен бір ғана лақ шығып бауырларымды қасқыр алып кетті – дейді. Ешкі не істерін білмей қалады.
М: Енді біз ешкіге көмектесеміз бе?
О: Иә.
М: Онда балалар қасқыр бізге көптеген тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырманы орындасақ қасқыр лақтарды бір - бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба, балалар?
О: Иә, орындаймыз!

1 – тапсырма.
Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.
М: Жарайсыңдар балалар, бірінші лақ құтқарылды.

2 - тапсырма.
«Ой сергіту» (ауызша).
М: Жарайсыңдар балалар, екінші лақ құтқарылды.

3 - тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
7 санын жазу.
М: Жарайсыңдар балалар, үшінші лақ құтқарылды.

IV. Сергіту жаттығуы.
Алтайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні
Неше болар шешуі?
(Жеті)

Жеті асықтың біреуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
(Алты)

4 - тапсырма.
«Кім шығармашыл?»
« », « =» таңбаларын салыстыра отырып қою.
М: Жарайсыңдар балалар, төртінші лақ құтқарылды.

5 - тапсырма.
М: Жарайсыңдар балалар, бесінші лақ құтқарылды.

6 - тапсырма.
Өрнектің мәнін тап:
М: Жарайсыңдар балалар, алтыншы лақ құтқарылды.
Міне лақтарды аман - есен анасына тапсырдық.

V. Бекіту.

- Сонымен балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?
- 7 санымен таныстық.

VI. Қорытынды.
М: Мына суретте балалар, бала нешінші баспалдаққа мініп бара жатыр?
О: Жетінші.
М: Ал, енді тура және кері санап көрейікші.
О: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
М: Жарайсыңдар, балалар!

VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау.
М: Лақтарын құтқарғандарың үшін, мына ешкі сендерге өзінің бестерін ала келіпті.

IX. Сабақтың аяқталуы.
Лақтарды біз қамайық,
Кітап, дәптер жабайық.
Қонақтармен қоштасып,
Сау - саламат болайық.
1 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
1 саны және цифры
1 саны және цифры
10 - ға дейінгі сандарға 1 - ді қосу және азайту кестесін үйрету, есептер шығару; Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Мейірімділікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×