Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың тіршілік ортасы

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Абсалямова Д. М.
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.
Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Жұмбақ шешу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ. Жануарлардың тіршілік ортасы Мекен ортасына бейімділігі.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Қай орта болсын ондағы өлі, тірі табиғаттың жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Осы жануарлардың барлығы да әр түрлі ортада тіршілік етеді.
Оқулықпен жұмыс.
Мысалы, камбала деген балық теңізде тіршілік етеді. Ол өзіне қажетті қоректі теңіз түбінен ғана табады, сондықтан ол су түбінен көтерілмейді.
Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу
Денесінің ұзындығы 5 метр
Салмағы 300 кг
Көзі денесінің бір жағында болады.
Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.
Мысалы, ұзын мойынды құстар ( қаз, аққу, үйрек ) судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы бармақ арасындағы жалғасып тұрған тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы. Сонымен жануарлар өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.

Суретпен жұмыс. Жануарларды мекен ету ортасына қарай біріктіріңдер.
Бекіту.
Тест тапсырмалары:
1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
А) Балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
2. Жыртқыш аңды тап
А) Арқар, құлан, түйе
Ә) Қасқыр, түлкі, аю
3. Тиін немен қоректенеді?
А) Бидай, арпа, сұлы
Ә) Саңырауқұлақ, жаңғақ
4. Балықтар қайда тіршілік етеді?
А) суда
Ә) орманда
5. Бауырмен жорғалаушылар қайсы?
А) жылан, кесіртке
Ә) Қоңыз, көбелек
6. Бақа жануардың қай түріне жатады?
А) қосмекенді
Ә) Бауырмен жорғалаушы
Жауаптары: 1 – ә; 2 – ә; 3 – ә; 4 – а; 5 – а; 6 – а.
Бағалау.
Қатесіз - 5
1 - қате - 4
2 қате - 3

Қорытынды.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не білдіңдер?

Үйге тапсырма:
Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!
5 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жангировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×