Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

Мақсаты:
1. Жануарлар тірі негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсініктерін қалыптастыру, жануарлардың негізгі топтарымен таныстыру.
2. Жануарлардың құрлықта, суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының өз икемделген тіршілік ортасы барын аңғарту.
3. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй жұмысын тексеру
Дүние танымдық тест
1. Адамның өмір сүруі табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан адам...................
2................ дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.
3. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін.............. деп атаймыз.
4. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.................... деп аталады.
5. Жануарлар......... және........ болып бөлінеді.
Білім минуты
Жануарлар қайда тіршілік етеді?
Камбала неге су түбінен көтерілмейді?
Тиін нені таңдамайды?
Ұзын мойын құстардың тұмсығы неге қолайлы?
Мекен ортасы дегеніміз не?
Жаңа сабақ

Жануарлар
♦ Омыртқалы
Балық
Қосмекенді
Құстар
Сүтқоректілер

♦ Омыртқысыз
Құмырсқа
шыбын
көбелек
“Қаңқасы жоқ бунақденелілер”

Қосымшы мәліметтер
• Құстар - 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
• Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді
• Қосмекенділердің - 4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
• Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды
• Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
• Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
• Олардың айырмашылығы - ет пен сүйекті қорек ететін жыртқыш жануарлар.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Қай топқа жатады?
2. Түрі қандай?
3. Қайда мекендейді?
4. Немен қоректенеді?
Ойын: "Үй жануарларын тап"
- Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,
- "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.

Дауысын тап ойыны әр жануардың даусын табу
Ситуациялық сұрақтар
1. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?

2. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?
Білгенге маржан
• Киттің үлкендігі сонша, оның терісіне 12 африкалық піл сыйып кетеді екен
• Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ болады екен.
• Америкада муссуран жыланы адам өміріне қауіпті өзге жыланды көрсе, сол бойы атылып жеп қояды екен. Осылайша олар бірнеше адамның өмірін аман алып қалыпты.
• Австралияда үйде, қолда өсірілген қолтырауын адамға еш зиянын тигізбейді екен. Балалар онымен суға бірге түсе береді екен.
• Үнді мұхитында балықтың бір түрі түнгі ұйқыға кетерде аузынан көзге көрінбейтін сұйықтық бөліп денесіне оранып алады екен. Ертемен қайта шешіп тастайды.
• Мексикада бойы 15см ит өмір сүруде екен.
• Тырна ұшып келе жатып 10 - 15 минуттай ұйықтап ала алады екен.
• Түйеқұсты Африкада күзетші орнына пайдаланады екен. Ол адамнан артық күзетеді дейді.
• Ара адам қолына үйренген жалғыз омыртқасыз жануар.
• Еуропада ұшқыш тиін мекен етеді екен. Ол өзінің алдыңғы және артқы аяқ арасындағы терісін қанат ретінде пайдаланады екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Жануарлардың қысқы мекені
Жануарлардың қысқы мекені
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×