Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі ағаштар

03 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығармашылық білім беру саласының сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Жасы: (3 - 4) Екінші кіші тобы «Көбелек»
Тақырыбы: Күзгі ағаштар
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы жұмыс жасай алуға үйрету. Күзгі табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Алдын - ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: Күз мезгілі туралы әңгіме айту
Сөздік жұмыс: Ағаш, бұтақ, дің, жапырақ.
Дидактикалық құралдар: суреттер, губка, гуашь, тарафет, сүлгі

І кезең мотивациялық - қозғаушы
Сұрақтар;
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Күз мезгілінде біз қалай киінеміз?
Басымызға, қолымызға, аяғымызға не киеміз?
Суретпен жұмыс. Балалардан суретте қандай жыл мезгілі бейнеленгенін сұрау.
Күз мезгілінде жапырақтар не істейді?
Жапырақтардың түстері қандай?

ІІ кезең ұйымдастырушылық ізденушілік Тосын сәт.
Балалар қараңдаршы апай сендерге не әкелді?
Суретте не салынған?
Ағашта жапырақтар бар ма? Қандай түсті?
Неше ағаш салынып тұр?
Қараңдаршы біз көппіз, ағаш жалғыз. Оның достары жоқ. Оған көмектесейікші.
Ағаш жасап берейік.
Сергіту сәтін өткізу.
Балаларға сурет салу әдісін түсіндіру. Трафарет пен губканы қалай пайдалану керектігін көрсету. Жапырақтарды саусақты сары – қызыл гуашьқа батырып салатынын көрсету. Балалардың мұқият, таза сурет салуын қадағалау.

ІІІ кезең рефлексивтік түзетуші
Балалар біз ненің суретін салдық?
Ағашты қандай түспен салдық?
Жапырақтардың түстері қандай?
Балалардың мадақтау.
Күзгі ағаштар жүктеу
5 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күзгі жапырақтар
Күзгі жапырақтар
Күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Жапырақтар
Жапырақтар
Кіріспе сөз: Балалар сабақты бастамас бұрын біз жылдың төрт мезгілінің ағаштарың бақылайық Балалар жапырақтар әртүрлі пішінді болады. Балалар жаз мезгілінде жапырақтардың түсі – жасыл болады. Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі – сары, қызыл,
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз туралы және табиғаттың күз мезгіліндегі ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеп, қорытындылау. Балалардың жыл мезгілі «Күз» туралы, күз айлары және оның маусымдық белгілері туралы білімдерін бекітуге жағдай жасау;
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Күзгі ағаш
Күзгі ағаш
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×