Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі ағаш

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Күзгі ағаш
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Сурет салу
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ақ қағаз, майлы бояулар, тіс пастасы, пекиндік орамжапырақтың жапырағы, тіс тазалағыш, дөңгелек мақта.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, сын тұрғысынан ойлау әдістері: “галереяны шарлау”, “мен көргенді сен көресің бе”, ТРиЗ әдістері, тренинг
Билингвальді компонент: пекиндік орамжапырақ - пекинская капуста,
тіс тазалағыш - зубная щетка.

1 кезең
Уәждік - түрткі болу
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Енді мен сендерге «Күз келді» атты өлең оқып беремін:

Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

2 кезең
Проблемалық - ізденістік
Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
“Мен көргенді сен көресің бе?”стратегиясы:
- Күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айталық.
- Жақсы жақтары - әдемі түрлі - түсті жапырақтар, жеміс – жидектер піседі, дәнді дақылдар піседі.
Жаман жақтары – жиі – жиі жаңбыр жауады, күн салқындайды, суық тиеді, теректер жапырақсыз қалады.
- Біз бүгін пекиндік орамжапырақтан күз ағашын жасаймыз.
- Ол үшін ақ қағаз, пекин орамжапырақ, тіс пастасы, майлы бояу, қылқалам, стакандағы су керек.
Балалар бейнелеу жұмысына дайындалады.
- Стакандағы суға тіс пастасын салып, түрлі – түсті майлы бояумен араластырып, пекиндік орамжапырақты бояймыз.
Түрлі – түсті бояуларменен тіс пастасын араластырып, орамжапырақты бояйды.
- Ақ қағазға боялған орамжапырақты беттестіреміз.
Орамжапырақты беттестіреді.
- Жапырақтағы бейне ақ қағазға түскен соң, түрлі – түсті боялармен тіс тазалағышты пайдалана отырып ағаш бейнесін жасаймыз.
Тіс тазалағышпенен ағаш бейнесін жасайды.
- Ағаштың жоғарғы жағына күн бейнесін дөңгелек мақтамен жабыстырамыз да, мақтаны сары бояумен бояймыз.
Дөңгелек мақтаны жабыстырып, сары бояуменен бояйды.

Билингвальды компоненттерді қолдану:
- Балалар, орыс тілінде пекиндік орамжапырақты – пекинская капуста деп, ал тіс тазалағышты – зубная щетка деп атаймыз.
Балалар орыс тілінде қайталап, үйренеді.

Галереяны шарлау:
Балалар жұмысына талдау жасау.
Өз жұмыстарына риза болады, баға береді.

Тренинг: “Табиғат құбылыстары”
Қатты нөсер басылды,(Жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды,(Қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды.(Жарты доға жасайды)

3 кезең
Рефлексті - түзетім

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау
- Балалар, бүгін біз оқу іс – әрекетінде не істедік?
- Ағаш бейнеледік.
- Ағашты немен бейнеледік?
- Пекин орамжапырағымен.
- Күн бейнесін неден жасадық?
- Дөңгелек мақтамен.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады.
Меңгеруі: Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, күзгі ағаш бейнесін бере білуге үйренеді.
35 865
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Күзгі жапырақтар
Күзгі жапырақтар
Күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Күзгі ағаштарды бақылау
Күзгі ағаштарды бақылау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақшасы Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×