Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнерлі жігіт

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өнерлі жігіт

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттың
сынын білдіретін сөздерді анықтай білуге
сауаттылықтарын арттыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.
3. Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологогиялық дайындық
Амансың ба, күн: (қолдарын жоғары көтереді, күнге созады)
Амансың ба, дос! (бір-біріне алақандарын ашады)
Амансыз ба, ұстаз қауым!(бас иіп, сәлем береді)

ІІ.Үй жұмысы
1-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін жатқа сұрау.
2-тапсырма. Сауалнама жүргізу

1) Көктемде алғаш гүлдейтін гүл
а) бәйшешек
ә) қызғалдақ

2) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
а) не істеді? не қылды? қайтті?
*ә) кім? кімдер? не? нелер?

3) Жуан айтылған сөздерді тап.
*а) дала, тазалық
ә) өзен, сәбіз

4) Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
*а) көк-тем
ә) қай-ың

5) Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.
*а) күлді, жылады
ә) күн, жер

ІІІ.Жаңа сабақ
Бүгін бәріміз орталық жүйеге бағына отырып, орталықтың әрбір тапсырмасына сатылап жауап береміз. Біз қазір қай орталыққа тоқтадық?
«Оқу орталығы» осы орталықта мәтінді сатылай кешенді талдау әдісі арқылы түсіндіру. Оқулығымыздың 146-шы бетін ашып мәтінмен танысайық.
1. Өнерлі жігіт
Ел аузынан
Бұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.
Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.

2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
3 Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінге
сай алынған.
4 Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.

Жазу орталығы
- Балалар! Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадысын жазамыз.
Сөздік жұмыс
Дирхем - VІІ-ғасырда қолданыста болған араб ақшасы (монета). Салмағы 3,9 грамм болған.
Диуана - ақылгөй, дана, қария кісіні айтады.

Ережені қайталау. Заттардың сынын білдіретін сөздерге оқушылар мысал келтіреді. Оқулығымыздағы 132-жаттығуды сәйкестендіру арқылы орындайық
Күрең-- сиыр
Қызыл --ат
Ала --қозы
Момақан-- бұзау
Ақ --лақ
Бөрте-- құлын
Жирен --бота

Сурет арқылы жұптық жұмыс жасайық.
жирен
ақ боз
ала
қара
Жүйрік
қасқа
тарғыл
тоқал

Жатқа жазу.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.

Жаңалықтар орталығы.
12 сәуір –Ғарышкерлер күні
Ең алғаш рет 1961 жылы адамзат арасынан аспан әлемін зерттеуге Ю.А. Гагарин ұшты. Міне, биыл Ю.А. Гагариннің ұшқанына 50 жыл толады. 1991 жылы 2-ші қазанда қазақтан тұңғыш рет ұшқан Т.Әубәкіров.
Ғарыш әлеміне қазақтан шыққан 2-ші ғарышкер ағамыз Т.Мұсабаев. Ол үш дүркін аспан әлемін зерттеп келді.
1 шілде - 4 қараша 1994 жыл
2 қаңтар - 25тамыз 1998 жыл
28 сәуір – 6 мамыр 2001жыл

Математика орталығы.
Бұл орталықта дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береміз.
Берілгені: «Ғарышкерлер» сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз, неше буын бар екенін айту.

Шешуі: «Ғарышкерлер» сөзінде 11 дыбыс бар оның төртеуі (4дауысты дыбыс) а,ы,2-е дауысты дыбыстар созылып, ауаға еркін шығады. Буын құрайды. 7 (дауыссыз дыбыс) 3-р, ғ, ш, к.Дауыссыз дыбыстар созылмай айтылады, ауаға қысылып шығады.

Ғарышкерлер=11=4 (а,ы, 2-е) 4
7 (3-р,ғ,ш,к)

Қорытынды: сұрақ – жауап әдісімен сабақты бекіту
1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
4) Фараби қандай еңбектер жазған?
5) Сенің қандай өнерің бар?
Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.
Бағалау.
17 659
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Етістік
Етістік
Бастауыш пән мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×