Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»

19 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту».
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: оқулық, А. Байтұрсынов суреті, өмірбаяны, тест.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтастыру, тест, қосыша тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
Сабаққа әзірлену.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Абай кім?
2. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз қандай ақыл айтады?
4. «Бес дұшпанды» қалай түсінесіңдер?
5. «Бес асыл іс» деген не?
6. Ата - анаң саған қандай ақыл айтады?

ІІ. Мағынаны тану: Ой қозғау.
Қандай? Алма
Қандай? Әже
Өздік жұмыс: 129 - жаттығуды үлгі бойынша орындау.
Нұрлы ақыл – ақыл нұрлы. Ыстық жүрек – жүрек ыстық. Терең ой – Ой терең. Талапты ұл – Ұл талапты.
А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысу.
Бүгін А. Байтұрсыновтың « Тарту» атты өлеңімен танысамыз.
«Тарту» өлеңін мәнерлеп оқу.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
А. Байтұрсынов атамыз жақсылыққа жеткізетін не дейді?

IІІ. Ой толғаныс.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
1. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
- А. Байтұрсынов кім?
- Оның «Тарту» өлеңі не туралы?
2. Тест.
1. Заттың сынын білдіретін сөзді белгіле:
а) адам ә) ақылды б) жүгірді
2. Түсті білдіретін сөзді белгіле:
а) ақ ә) әдемі б) дәмді
3. Көлемді білдіретін сөзді белгіле:
а) тасыды ә) жуан б) бапкер
4. Дәмді білдіретін сөзді белгіле:
а) Аспаптар ә) көктем б) тәтті
5. Қарсы мағынаны білдіретін сөздерді белгіле:
а) дала ә) жарық - қараңғы б) кітапхана

IV. Логикалық тапсырмалар, жұмбақтар.

V. Қорытынды.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма: «Тарту» өлеңін жаттау, 130 - жаттығу жазу.

Қызылорда облысы, Арал ауданы
№62 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:
Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 660
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Тасанова Жанар Байжановна
Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер
Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Естесова Рәйлә
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×