Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антоним дегеніміз не?

12 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Антоним дегеніміз не?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану)
Сабақ нәтижесі: Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Барлық оқушылар: Антоним туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар: Тапсырмаларды орындау барысында антоним сөздерді тауып мағынасын ажыратады.
Кейбір оқушылар: Антоним сөздерді ажыратады, өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийі: - Антоним сөздерді ажыратады, мағынасын түсінеді;
- Антоним сөздерді сәйкестендіре алады;
- Сөйлеу барысында антоним сөздерді қолдана алады;
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясы құндылықтары негізінде ұлтжандылыққа, бір - біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Жауапкершіліктерін арттыру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Басталуы 5 минут
Алақай, сабақ басталды!
I. Ұйымдастыру
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты - Еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп
Мұның аты - Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек!
«Еңбек ет те мақтап,
Ойнап күл де шаттан»!
Спорт түрлерімен топқа бөлу
1 - топ Футболшылар
2 - топ Волейболшылар
3 - топ Баскетболшылар
Ширату
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
Антонимдер – мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздер.
Антонимдер – грек тілінде anti – қарсы, onota – атау дегенді білдіреді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
бастауыш пәні мұғалімі
Жолтаева Гаухар Айжарыққызы
Антоним дегеніміз не? жүктеу
3 657
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөз және оның мағынасы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. (күнделікті сабақ жоспарлары)
- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?
Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?
синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету, көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Антоним
Антоним
Антоним сөздердің ерекшелігін біледі, антоним сөздерді қолдана білуге үйренеді, топта бір - бірін тыңдайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×