Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?

08 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2. 2. 2. 1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
2. 3. 5. 1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2. 4. 2. 2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.

Басталуы 5 минут
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін: «Коктейл таяқшасы» арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар таңдаған таяқшаның түстеріне қарай 1, 2, 3 топтарға бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім - ай» би
«Әнді жалғастыр!»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл - күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3 - 4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3 - 4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».
1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
2. «Әдепті баламын» (4 жол)

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Тыңдалым. Мәтінді тыңда.
Мәтін мазмұны бойынша бір - біріңе сұрақ қой және жауап бер.
Айтылым.
«Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Күрделі тапсырма
Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.
Төмен, алдына, алысқа, үлкенмін.

Ортасы 10 минут
Қолдану.
Жазылым. Дәптермен жұмыс.
23 - жаттығу. Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.
Жең, қар сөзінің әр мағынасына сөйлем құрап жаз.
Түріп жең,
Күресте жең.
Талып қар*,
Күре қар.
Топтық жұмыс
24 - жаттығу. Суретке қарап, суретшінің қатесін тауып көр.

Жазылым.
25 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Шақырады Шымбұлақ*-
Аппақ - аппақ шың құзы!
Қуанбайтын кім бірақ,
Жарқыраса жұлдызы!
Шымбұлақ туралы не білесің?
Дереккөз. Видео тамашалау « Шымбұлақ».

Қолдану. Омоним сөздерді қолдану.
Дәптермен жұмыс.
26 - жаттығу. Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлем құра.
Шығармашылық жұмыс.

Мектеп: Л. Қылышев атындағы ОЖББМ
Мұғалімнің аты - жөні: Бахтыгереева Алтынай Каримовна

Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не? жүктеу
7 263
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 1. 1 - Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) 5. 2. 1. 1 - Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 1. 1 - Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) 5. 2. 1. 1 - Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
Ұлттық сәндік натюрморт
Ұлттық сәндік натюрморт
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу 5. 2. 3. 3 - Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×