Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыны Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір - бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындық:
- Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.
- Жарайсыңдар, балалар!

Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар өткен сабақта біз Үлек тақырыбының өттік. Қане, үй жұмысын кім айтады?
Оқушылардан түсінгендерін сұрау.
Сұрақтар:
- Үлек дегеніміз не?
- Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
- Балалар неден, неге қатты қорықты?
- Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
- Портрет дегеніміз не?
- Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер. Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.
Жаңа сабақ
- Балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімесі. Бұл әңгімеден Есім деген баланың сабақты қалай үйренгендігі туралы, атасының сөзі туралы біледі екенбіз.
Қабыш Жәркенов - 1933 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Түркістанда туған. Сонда педагогикалық училище бітірген. 1955 жылы атамекеніне қайтып оралады. ҚазМУ - дің филология факультетін бітірген (1963). Көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен.
Балаларға арналған «Мінезді аға», «Айналайын», «Көңілді жаз», т. б. басқа да кітаптары, «Мұғалімдер» атты романы шықты (1999).

Әдіскер: Жахметова Б. К.
Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» жүктеу
2 271
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев
Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев
Ескен Елубаевтың «Табиғат тамашалары» атты өлеңдерін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Кім неден күшті?
Кім неден күшті?
Білімділігі: Оқушыларды “Кім неден күшті?” (ертегіні) оқи білуге, мазмұнын түсінуге үйрету.
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Ашықбаева Жаңылсын Қостайқызы
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×