Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4-сынып
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыны Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлігін тексеру.
Саламатыңдар ма, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Бір - бірімізді көргенімізге, осы күнге қуанайық
Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!:
- Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?
- Күнді көреміз
- Күн жылуы не істейді?
- Күн жылуы жүзімізді жылытады.
- Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін?
- Жүрегімізді.
- Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды.) Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады.
- Енді осы жүректердің жылуын бір - бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Көрінбейтін адам» романының авторы кім?
2. Әңгімеде сол романнан қандай үзінді келтірілген?
3. Оқымысты Джеймс Чедвик тапқан жаңа сәуле қалай аталады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
• Егер сен көрінбейтін адам болсаң не істер едің?

ІҮ. Қызығушылықты ояту
1. Жұмбақтар арқылы, сөзжұмбақты шешу
үкі
тоқылдақ
көкек
түлкі

Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.
/Үкі/.
Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?
/Тоқылдақ/.
Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.
/Көкек/.
Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)
• Ерекше тор көзден қандай сөз шықты?
• Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Маматбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесі екен,
2. Жаңа сабаққа даярлық.
• Үлек деген не? Естуің бар ма? Түйенің қандай түрлері бар?
ІІІ. Мағынаны тану Автор туралы

1. Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік, мүмкін осы сұрақтарға жауап таба алармыз?!
2. Оқулықпен жұмыс.
Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу
3. Сөздік жұмыс. Үлек – нардың бурасы( сыңар өркеш түйені «нар» дейді.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1 - топ Үлек дегеніміз не?
Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер.
Үлек – нар түйенің бурасы. Ол жалғыз өркешті. Өркеші тік. Айбарлы, сескенуді білмейді. кісіге шабады.
Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің аттарын жазып ал.
(Бозоба, Сарапан, Тасқұдық – жердің аты; изен, жусан, сар шөптердің аты).
2 - топ Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
3 - топ Балалар неден, неге қатты қорықты?
1 - топ Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
2 - топ Әңгіменің соңғы сөйлемінен қандай қорытынды ой айтуға болады?
3 - топ Әңгіменің соңғы сөйлемінен қандай қорытынды ой айтуға болады?

б) Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін тіркестерді теріп жаз. (Қоржиған кішкентай, арық, кіп-кішкентай ап-арық)
Есіңде болсын!
«Түйесі бардың - киесі бар» Слайд
1 - топ Түйе малына қатысты мақалдар жазу
2 - топ Топтастыр
3 - топ Адам аттары мен өсімдіктер, жер - су аттары
Ботакөз, Ақбота, Түйебай, Бурабай, алабота

ҮІІ. Қорытынды.
Не үйреніп, не білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқу,
2. «Менің ботам» тақырыбында әңгіме немесе өлең жазу
ІХ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Оқушыны Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев
Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев
Ескен Елубаевтың «Табиғат тамашалары» атты өлеңдерін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна
"Үлек" М.Қалдыбеков
"Үлек" М.Қалдыбеков
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×