Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест, Әдебиеттік оқу 4 сынып

19 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып.
1. Шу десе, шұбар жүрмеді,
Қалшиып қарап тұрады.
Жалмауыздай емініп,
Екі аяғын тебініп,
Шұбарды бала ұрады. Қай жырдан алынған үзінді?
а) Алпамыс батыр
в) Ер Тарғын
с) Қобланды батыр
д) Бөген батыр

2. Ертегілер түрлері.
а) Шыншыл, қиял - ғажайып, жануарлар
в) Аңыз, мысал, ертегі
с) Шыншыл, қиял - ғажайып, ертегі
д) Аңыз, жануарлар, шыншыл

3. Аңызға жататын шығармаларды тап.
а) Бес ешкі, Қорқыт
в) Қорқыт, Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай.
с) Қорқыт, Сатқын жапалақ
д) Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай, Бес ешкі

4. Сөздік жұмбақтар.
а) Омоним сөздер, логогриф, шарада, метаграмма
в) Жаңылтпаш, логогриф, жұмбақтар
с) Мақал, шарада, монолог
д) Омоним сөздер, жаңылтпаш, диолог.

5. «Қарабатыр», « Әйел - Ана», « Қауын мен Қарбыз» ертегілердің қай түріне жатады.
а) Халық ертегісі в) әдеби ертегі с) Мысал д) аңыз

6. «Аққу, Шортан һәм Шаян», «Ара мен Шыбын», «Арыстан мен Тышқан», «Араша», «Сапар мен Парта», «Шыбын мен Көбелек» бұл өлеңдер шығарманың қай түріне жатады?
а) аңыз в) ертегі, с) жұмбақ д) мысал

7. «Арыстан мен Тышқан» мысал өлеңнің авторы.
а) Сұлтанмахмұт Торайғыров
в) Қастек Баянбаев
с) Мағжан Жұмабаев
д) Мұхтар Әуезов

8. «Жолда» қай романнан алынған үзінді
а) Аяулы Жақаң в) Абай жолы с) Абылай хан д) Оян, қазақ

9. «... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым,, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз...» өлең үзіндісінің авторы.
а) Мұхтар Әуезов в) Сабит Мұқанов, с) Абай Құнанбаев д) Шоқан Уәлиханов

10. «Жаралы торғай» өлеңінің авторы кім?
а) Өтебай Тұрманжанов
в) Мұхтар Әуезов
с) Міржақып Дулатов
д) Шоқан Уәлиханов

11. «Ана құшағында» қай романнан алынған үзінді?
а) Абай жолы в) Қазақ солдаты с) Көксерек д) Ананың астауы

12) «Қараторғай» мәтінінің авторы
а) Шоқан Уәлиханов
в) Сапарғали Бегалин
с) Сакен Сейфуллин
д) Жүсіпбек Аймауытов

13. «Қанат туралы хикая» өлеңінің авторы
а) Шоқан Уәлиханов
в) Фариза Оңғарсынова
с) Міржақып Дулатов
д) Мұхтар Әуезов

14. «... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым,, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз...» қай өлеңнен алынған үзінді
а) Ғылым таппай мақтанба в) Түркістан с) Сабырсыз, арсыз, еріншек.
Д) Еріншек

15. «Көкшетау» өлеңінің авторы кім?
а) Сакен Сейфуллин
в) Ілияс Жансүгіров
с) Сакен Сейфуллин
д) Бейімбет Майлин

Әдебиеттік оқу. 4 сынып.
1. Туған жер өлеңінің авторы кім?
а) Мұқағали Мақатаев
в) Қасым Аманжолов
с) Қайрат Жұмағалиев
д) Қали Сапарбаев

2. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, осы биден бата алмай кетпеген. Бұл қай би?
а) Төле би
в) Әйтеке би
с) Қазбек би
д) Қараби

3Еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан қорғаған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгілері
а) аңыз
в) ертегі
с) батырлар жыры
д) Жұмбақтар

4. Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан ол қалай аталады?
а) халық ертегісі
в) әдеби ертегі
с) Шыншыл ертегі
д) Қиял - ғажайып ертегі

5. «Сатқын жапалақ» ертегінің қай түріне жатады?
а) жануарлар туралы ертегілер
в) сатқындық туралы ертегілер
с) қулық туралы ертегілер
д) адамдар жайлы ертегілер

6. Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма қалай авталады
а) Ертегі
в) Аңыз
с) Мысал
д) жаңылтпаш

7. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен сөзі
а) диалог
в) әсірелеу
с) монолог
д) сюжет

8. Тақырып дегеніміз не?
а) жазушының шығармасындағы негізгі ойы
в) әдеби туындылар
с) шығарма
д) өлең

9. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мыңқау танымас тірі жанды.
Үсті – басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. бұл үзінді қай өлеңнен алынған?
а) А. Құнанбайұлы «Қыс»
в) С. Сейфулин «Қызыл шұнақ»
с) Б. Үсенбаев «Менің туым»
д) Б. Үсенбаев «Аяз ата»

10. А. Құнанбайұлы қай жылы қайда дүниеге келді?
а) 1894 - 1938жж Жезқазған облысы Ақадыр ауданы
в) 1845 - 1904 жж Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында
с) 1942жж Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында
д) 1846 - 1945 жж Жамбыл облысы Жамбыл тауы етегінде

11. Сәкен Сейфулин қай жылы туған, қайда?
а) 1894 - 1938жж Жезқазған облысы Ақадыр ауданы
в) 1845 - 1904 жж Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында
с) 1942жж Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында
д) 1846 - 1945 жж Жамбыл облысы Жамбыл тауы етегінде

12. Мына мақалды толықтыр
Қарты бар үйдің -......
а) қазнасы бар в) ақылы бар с) шындығы бар д) әжесі бар
13. Шындық сөзіне қарама – қарсы мағнадағы сөзді тап.
а) Рас в) жомарт с) жалқау д) өтірік
13. Монолог сөзінің мағнасы?
а) Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен сөзі
в) адам өмірінде, хайуанаттар дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық шығарма
с) Ауыз әдебиетінің бір түрі
д) тілін дамытып, ойын жетілдіреді

14. Бала тілі дұрыс дамып, дыбыстарды қатесіз айтуға үйрету мақсатында қолданған қазақ ауыз әдебиетінің мол мұрасының бірі?
а) жаңылтпаш в) монолог с) жұмбақ д) ертегі д) мақал

15. «Сынған аквариум» әңгімесінің авторы кім?
а) Сансызбаев Сарғасқаев
в) Әбдірахман Асылбеков
с) Шәкәрім Құдайбердіұлы
д) Әбіш Кекілбай
Тест, Әдебиеттік оқу 4 сынып жүктеу
5 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Тест бастауыш сыныптарына
Тест бастауыш сыныптарына
Тест тапсырмалары. Ертегілер 1.«Аю, қасқыр, түлкі, бөдене» ертегісі ертегінің қай түріне жатады. А) тұрмыс - салт ертегісіне Ә) хайуанаттар туралы ертегіге Б) шыншыл ертегілерге В) қиял - ғажайып ертегіге
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Сақина (ертегі)
Сақина (ертегі)
Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы - ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық. Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, лиро - эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Тест әдісі арқылы оқушы білімін есепке алу
Тест әдісі арқылы оқушы білімін есепке алу
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×