Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест әдісі арқылы оқушы білімін есепке алу

23 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тест әдісі арқылы оқушылардың білімін есепке алу
Әдебиет 5-сынып 1-тоқсан

1. Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?
а) кеңес, консультация
в) автор
с) үлгі сөз, асыл сөз +
д) көркем шығарманың қаһарманы
е) бейнелеу өнері
2. Фольклор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а) Халықтың ауызша шығарған шығармасы +
в) Өнер алды – қызыл тіл
с) бейнелеу өнері
д) көркем шығарманың қаһарманы
e) ұлы мұраттар арқалаған кейіпкер
3. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды не деп атайды?
a) батырлар жыры
в) эпостық жыр
c) айтыс өлеңдері
д) тұрмыс-салт жырлары +
e) ғашықтық жырлар
4. Бос орынға қойылатын сөзді табыңыз.Түйе сүйеді баласын «...» деп, «Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.
a) Боташым +
в) Құлыным
c) Бұзауым
д) Лағым
e) Қозым
5. Төрт түлікке қатысты туған өлең-жырлар қалай аталады?
a) Тұрмыс-салт жырлары +
в) Жаңылтпаштар
c) Лиро-эпостық жырлар
д) Шешендік сөздер
e) Эпостық жырлар
6.Үзінді қай жырдан алынған?
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмеген момыным» деп.
a) «Малдың баласын сүюі» +
в) «Сексек атаға»
c) «Шопан атаға»
д) «Ойсыл қараға»
e) «Жылқышы атаға»
7. Наурыз мерекесінің ардақтап айтылған атын көрсетіңіз.
a) Ақ бата
в) Жақсы тілек
c) Ұлыс +
д) Ақ түйенің қарны жарылған күн
e) Еңбекті сүю
8. Әр түрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын өлең-жырлар түрін көрсетіңіз.
a) Бәдік жырлары +
в) Тұсаукесер
c) Тойбастар
д) Бата
e) Төрт түліктің кеңесі
9. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере алатын ықшамды нақыл сөзді белгілеңіз.
a) Қанатты сөз
в) Мақал +
c) Мәтел
д) Фольклор
e) Жаңылтпаш
10. «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген пікір иесін белгілеңіз.
a) А.Байтұрсынов
в) М. Дулатов
c) М. Әуезов +
д) С. Сейфуллин
e) М. Жұмабаев
11. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
a) «Ер Төстік» +
в) «Аяз би»
c) «Алтын сақа»
д) «Толағай»
e) «Сырттандар»
12. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
a) Зәрлі хан
в) Ақша хан
c) Мадан
д) Жаман +
e) Шалқұйрық
13. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?
a) Анасы
в) Әкесі
c) Уәли бай
д) Бес ханның елі +
e) Нағашысы
14. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын табыңыз.
a) Тоқсанбай
в) Ерназар +
c) Қарабай
д) Байсары
e) Байбөрі
15. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?
a) «Ұшқыш кілем»
в) «Кер құла атты Кендебай»
c) «Алтын сақа»
д) «Аяз би»
e) «Ер Төстік» +
16. «Әй, Аяз би, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!» деген сөздің иесі кім?
a) Ақша хан
в) Қазанғап
c) Кендебай
д) Ер Төстік
e) Аяз би +
17. «Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
a) Қиял – ғажайып ертегісі
в) Шыншыл ертегілер +
c) Хайуанаттар туралы ертегілер
д) Әдеби ертегі
e) Шешендік сөз
18. Кендебайдың әкесінің аты?
a) Қарабай
в) Ерназар
c) Қазанғап +
д) Мергенбай
e) Сарыбай
19. «Қырық өтірік» ертегісінің басты кейіпкері кім?
a) Тазша бала +
в) Кендебай
c) Төстік
д) Аяз би
e) Қазанғап
20. Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туған, шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отыратын шығарма.
a) Ертегі
в) Аңыз әңгімелер +
c) Мақал-мәтелдер
д) Жұмбақтар
e) Жаңылтпаштар
21. «Жерұйықты» іздеп, елі үшін қайғыға батқан кім?
a) Жиренше
в) Асанқайғы +
c) Қорқыт
д) Жошы хан
e) Алдар көсе
22. «Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жататын кейіпкер
a) Жиренше +
в) Асанқайғы
c) Қорқыт
д) Жошы хан
e) Алдар көсе
23. Оқиғаның дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын не дейміз?
a) Сюжет +
в) Мысал
c) Композиция
д) Өлең
e) Ертегі
24. Сюжеттің белгілі бір құрылымын не дейміз?
a) Байланыс
в) Мысал
c) Композиция +
д) Өлең
e) Ертегі
25. «Жасау» сөзінің мағынасы
a) Ұзын, жуан ине
в) Ұзатылған қызға беретін мүлік, дүниелік +
c) Береке, байлық
д) Қымбат бағалы жұқа, жібек мата
e) Қызғылт сары түс
24 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін қайталап, еске түсіру.
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×