Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қой

12 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Қой
Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан - жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқытудың нәтижелері:
1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
2. Бірін - бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: интертақта,
Әдіс – тәсілдер: «Доп лақтыру» оқыта үйрету әдісі, «Сандықша» оқыта үйрету әдісі, « Ой толғау» стратегиясы.

Психологиялық ахуал
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!.
2) Топқа бөліну
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.
1 - топ: Қошақан
2 - топ: Ботақан
3 - топ: Құлыншақ

Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру. Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату. «Доп лақтыру» оқыта үйрету әдісі
1 - топ: Жан - жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан)
2 - топ: Қиял - ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады? (Ұр, тоқпақ, Шибұт, Қылмойын, Қарынбас)
3 - топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады?(Сақина, Байлық пен ақыл)

Мағынаны тану 1. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру
А) Өзі момын Шопан ата баласы
Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар,
Бұл қай жануар баласы?

Ә) Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Күн ретін жазу.
2. Сұрақтарға жауап береді.
Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?

3. Топтық жұмыс
- Қойдың пайдасы туралы постерге түсіру
1 – топ: «Қошақан» Жүнінен жасалатын заттар
2 – топ: «Ботақан» Терісінен жасалатын заттар
3 – топ: «Құлыншақ» Сүтінен әзірленетін тағамдар
4. Оқулықпен жұмыс
1 тапсырма
- мақал - мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма
- өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.
Қой жануары жүктеу
2 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өлі табиғат және тірі табиғат
Өлі табиғат және тірі табиғат
Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан-жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Мысық
Мысық
Орал қаласы, Казталов ауданы, Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар Досболатқызы
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
Табиғат - анамыз
Табиғат - анамыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×