Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны және цифры

10 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Орал қаласы, Казталов ауданы.
Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар

Тақырыбы: 8 саны және цифры
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты: 8 саны мен цифрын енгізу;, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету; балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту; бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: өткен сандарды қайталау, логикалық есептер шығару.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, полотно, алманың суреттері, жұмыс дәптері, қима сандар, аққаланың суреті, слайд.
Қостілдік компонент/билингвальный/: бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре, бес - пять, алты - шесть, жеті - семь, сегіз - восемь.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге

Ұйымдастыру - шылық ізденіс кезеңі
Өткен іс - әрекетті қайталау.
- Жылдың қазір қай мезгілі?
- қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар
- Қазір қай ай?
- ақпан
- Балалар біз өткен оқу іс әрекетте неше санымен таныстық?
- 7 санымен таныстық
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 күн бар
«Бір аптада» өлеңін жаттаған едік, кәне есімізге түсірейік.
Дүйсенбіде доп ойнадық аулада
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік, әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қыраттан
Сенбі күні кино көрдік клубтан
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.

Ғажайып сәт:
- Біздерге аққала хат жіберіпті, мен сендерге оқып берейін.
«Сәлеметсіздер ме менің жас достарым!
Мен сендерге жұмбақ жібердім.
Сол жұмбақтың шешімін дұрыс тапсаңдар, бүгінгі оқу іс - әрекеттерінің тақырыбы шығады
Қызықты тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар сендерге сыйлығым бар.»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
Мысық
Мысық
Орал қаласы, Казталов ауданы, Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар Досболатқызы
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×