Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық ойындар

19 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Экологиялық ойындар
№1. Ойын тақырыбы: Біріктіріп бір сөзбен ата.
Көрнекілігі: бір парақтың ортасында аралас салынған құстар, жануарлар, балықтар, жәндіктер суреті.
Парақтың төрт бұрышында бос төрт дөңгелек.
Ойын шарты: бос төрт дөңгелек ішіне әр түрлерін топтастыру сызық арқылы. Оларды атау, бір сөзбен атау. Неге олай бөлгенін түсіндіру.

№2. Ойын тақырыбы: «Артығын тап».
Көрнекілігі: Әр балаға әр түрлі суреттер, ішінде біреуі өзгеше болуы тиіс.
Ойын шарты: Суреттерден артығын тауып қоршайды. Неге ол артық екенін түсіндіреді. Құстар ішінде аю артық. Гүлдер ішінде көбелек артық т. с. с.

№3. Ойын тақырыбы: «Қазір не, бұрын не болды?».
Көрнекілігі: Әр түрлі табиғи заттардан жасалған суреттер.
Ойын шарты: Өзіне берілген суретті атайды, логикалық ойлау арқылы оның бұрын не болғанын айтады.
Мысалы: нан – ұн – бидай – дән.
Шаңғы – тақтай – ағаш – ақ қайың.

№4. Ойын тақырыбы: «Кім шығармашыл?».
Көрнекілігі: Күзгі жапырақтар, талдар, дәндер.
Ойын шарты: Таза ауада әрбір бала өз ойынан табиғи материалдардан түрлі бейнелер, мазмұнды бейнелер құрастырады, өз жұмыстары туралы айтып береді.

№5. Ойын тақырыбы: «Бұлттар неге ұқсайды?».
Мақсаты: Шығармашылық, қиялдау, елестету қабілеттерін дамыту. Өз ойларын қысылмай айтуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бұлттардың неге ұқсайтынын айту, бейнелеу.

№6. Ойын тақырыбы: «Бұл ненің мүшесі».
Көрнекілігі: Аңдардың бөлек - бөлек дене мүшелері.
Ойын шарты: Дене мүшелерін әр балаға таратып беру, топпен құрастыру. Өз жұмыстарын талдау. Дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін ортаға салу.

№ 7. Ойын.
Сызбаны пайдаланып табиғаттың адам өміріндегі рөлі туралы айт.
Экологиялық ойындар жүктеу
17 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру.
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар баланың физикалық дамуы жағынан ғана емес, ой қиял ұшқырлығын, логикасын дамытады.
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Балаларды көпше етістікті қолдану арқылы, сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көбелек пен инелік
Көбелек пен инелік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×