Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада ойналатын ойындар

26 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшада ойналатын ойындар

Балабақшада ойналатын ойындар баланың физикалық дамуы жағынан ғана емес, ой қиял ұшқырлығын, логикасын дамытады.
Ненің дауысы?
Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін бекіту, жануарлардың дауысын ажыратуға үйрету.
Шарты: Бір бала шығып бір жануардың дауысын келтіреді, қалған балалар қай жануардың дауысы екенін ажыратады.
Қуыршақты киіндіру
Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінуге үйрету.
Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығару керектігін айтады. Балалар кезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.
Дәрігер
Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не? сұрағына жауап беру.
Шарты: Қуыршақ — дәрігер немесе бала — дәрігер балалармен амандасады да қолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.
Сенде не бар?
Мақсаты: Сұрақты түсініп затты дұрыс атап, жауап беруге үйрету.
Шарты: Мұғалім заттарды балаларға таратып беріп, сенде не бар? — деп сұрақ қояды, балалар жауап береді.
Бау – бақшада
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді дұрыс атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: Үстел үстінде бау — бақшаның суреті. Балаларда көкөністер мен жемістердің суреті. Мұғалімнің белгісі бойынша, балалар көкөністерді, жемістерді бау — бақшаға орналастырады.
Кім көп сөз айтады?
Мақсаты: Өткен сөздерді пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Мұғалім тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады. Мысалы: «Ойыншықтар». Балалар: доп, аю, қоян, зырылдауық т. б.
Бұл үйде кімдер тұрады?
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын арттыру, есте сақтау.
Шарты: Тәрбиеші үй терезесінен отбасы мүшелерінің суретін көрсетеді, балалар оларды атайды.
2 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
The parts of the body
The parts of the body
Балаларды өз дене мүшелері туралы үш тілде айтуға үйрету. Сөздік қорларын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Экологиялық ойындар
Экологиялық ойындар
Экологиялық ойындар №1. Ойын тақырыбы: Біріктіріп бір сөзбен ата.
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Балаларды көпше етістікті қолдану арқылы, сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Киімдер
Киімдер
Баланың киімдер туралы ұғымын молайту. Киім атауларын дұрыс әрі анық айтуға көрнекіліктер арқылы тәрбиелеу
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×