Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы

12 қаңтар 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
1. Бұл не? Бұл кім?
Мақсаты: Балаларды көпше етістікті қолдану арқылы, сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Ойынның құрал - жабдықтары: әр - түрлі суреттер
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және көпше етістікті қолдану арқылы айтады. Сұрағы қойылады.

2. «Не өзгерді?»
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктер: Жеміс пен көкөністің мульяжы.
Ойын барысы: Тәрбиеші жеміс пен көкөністің бір - екі түрін араластырып қойып. Балаларға көздерін жұмуын сұрайды. Сол арада жеміс пен көкөністің арасынан біреуін алып жасырып қояды. Көзін ашқан балалардан не өзгергенін сұрайды. Ойын осылай жалғасады, барлық балалармен бірге ойналады.

3. «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту, мезгілдерді атауларын үйрету(қыс, көктем, жаз, күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары.
Ойын барысы: Тәрбиеші балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады, әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар.
Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.(мысалы: қыс мезгіліне қар, шырша, аққалат. б.)

4. «Зоологиялық фриздер»
Мақсаты: Балаларды антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жабайы аңдар мен үй жануарлары
Ойын барысы: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торлауға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін кіші торға орналастыруы қажет. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастыр.

5. «Заттық фриздер»
Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: ыдыс, суреттер(көкөністер мен жемістер) муляж, қоржын.
Ойын шарты: Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан - жақты сипаттайды және заттың атын атап, түр - түсін ажыратады.
Бала ыдыстан немесе қоржыннан алманы алып пішінін, түсін, дәмін және қасиеттерін айтады. Көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенін ажыратады да сипаттайды, атын айтады.

6. «Жапырағына қарай ажырат»
Мақсаты: Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру.
Сөздік қорын толықтыру, есту, қабылдау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: әр түрлі жапырақтар
Ойын шарты: жапырақтарды салыстыру, қай ағаштың жапырағы екенін табу.

7. «Не қайда өседі»
Мақсаты: Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту, өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.
Көрнекіліктер: бақ пен бақшаның, жеміс пен көкөністердің суреті.
Ойын шарты: бақ пен бақша салынған

8. «Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінің тәрбиелеу, белсенділігін артыру.
Көрнекіліктер: орманның суреттері салынған үлкен картаның астындағы бос тор көздер, тиісті жануарлар.
Ойынның барысы: ойыншылар екі топқа бөлініп, әртүрлі табиғат көрінісі салынған бір - бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді.

9. «Ақылды машиналар»
Мақсаты: Адамдардың жұмыстарын жеңілтуде машиналардың көмегі туралы балалардың білімдерін бекіту. Істейтін қызметтеріне қарай машиналарды топтастыруға, аттарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорларын молайту: бульдозер, көтергіш кран, жедел жәрдем, ауыр жүк машина, қар тазалайтын машина т. б...
көрнекіліктер: Әртүрлі машиналардың суреттері.
Ойын шарты: таратылған сурет бойынша әңгімелеу.

10. Қайсысы қайда тіршілік етеді
Мақсаты: жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу, олардың мекен - жайын анықтау. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: әр түрлі жануарлар, құстар суреті
ойын барысы: әр түрлі жануарлар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретінін сұралады. Оларды немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы білетін тақпақтарын сұрайды.

11. «Табиғат құбылыстарын ажыратып олардың қасиеттерін ата»
Мақсаты: Қасиетіне қарай: қар мен жаңбырды ажырата білу, табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту, қатты, жұмсақ, ериді, буға айналады.
Көрнекіліктер: қар мен жаңбыр бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп, олардың бір - бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында табиғат құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.

12. «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын толықтыру: майдалау, себу, диқаншы, комбайн, элеватор, диірмен.
Көрнекіліктер: егін даласына қажетті суреттер
Ойын шарты: Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып, қажетті суреттермен толықтыру.

13. «Бұл қандай құс?»
Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.
Көрнекіліктер: құстардың суреттері.
Ойын барысы: Жүргізуші қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп, әр қайсының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшелігін суреттеп, аттарын атайды. Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар?(тоқылдақ орман дәрігері, қарлығаш адамның досы)

14. «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер, оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының, төлдердің суреті.
Ойын барысы: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі, олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.

15. «Жалпы атауын ата»
Мақсаты: Балаларға заттарды жеке - жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Көрнекілік: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары
ойын барысы: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі, сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы: ыдыстар, ойыншықтар, жануарлар.
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы жүктеу
54 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойын №1
Дидактикалық ойын №1
Тәрбиеші столдың үстінде бірнеше қағаздан жасалған әртүрлі жемістің құстардың, аңдардың суретін қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, солдың үстіндегі суреттердің біреуін алып, неден жасалғандығын түсінің қандай екендігін, егер жемістің суреті
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Дидактикалық ойын картотекасы
Дидактикалық ойын картотекасы
«Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу - ойыншық көп; тақта біреу - парта көп; бір аквариум - көп гүл.
Күз
Күз
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×