Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маша мен аю

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маша мен аю
Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.
Машенька үйге кіріп:- Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады. Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп келіп:
- Менің үйіме рұқсатсыз неге кіресің? – деп гүр ете түсті.
Маша:- Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді.
- Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың – деді. Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?!
Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ. Біраз күн өтті. Маша Аюға:
- Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті. Маша бір қорап бәліш пісірді де:
- Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді.
Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды. Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, деревняға тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.
- Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.
Ал Машенька қорап ішінен:
- Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді.
- Неткен қырағы еді. Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады. Ауылға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:
- Түк - түк - түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.
Иттер бір нәрсені сезгендей оған тап берді. Басқа иттер де жан - жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды - артына қарамай қаша жөнелді. Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.
- Мынау не қорап – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
3 074
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Аққу - қаздар
Аққу - қаздар
Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша – тұңғышы. Иванушка – кенже баласы.
Ерекше саяхат
Ерекше саяхат
Балалардың үлкен және кіші ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Заттарды көлеміне қарай бөліп, топтастыруға дағдыландыру.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сиқырлы су
Сиқырлы су
Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы "Балапан" бөбекжайының тәрбиешісі Шекеева Венера Бейсембаевна
Жаңа жыл армысың!
Жаңа жыл армысың!
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×