Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл армысың!

24 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Жаңа жыл армысың»
1) Залға балалар қол ұстасып екі – екіден музыкамен кіреді.
2)«Жалпы би»
3) Тақпақтар. Наиля, Анель, Айлу, Айдана, Адият, Арнұр
Наиля: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Айлу: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Анель: Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Айдана: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл

Адият: Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Арнұр: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Мультфильмнен музыка ойнайды. «Миша Аю» кіреді. (мойнында асып алған шыршасы бар, әкеліп орындықтың үстіне қояды, өлеңді айтып тұрып, шыршаны әсемдейді)
Туру – ру, туру – ру
Жаңа жылда келеді
Шыршаны да әкелдім
Әсемдеймін ойыншықпен (қорап жәшіктен ойыншықтар алады)

Маша: (есік жақтан айқайлайды)
-- Миша, миша (Аю аға) қайдасың?
Аю: (тез – тез қорапты жинап, қашып бара жатып, бір ойыншықты тастап кетеді)
Маша: Қайда жасырындың Миша? Біз жасырынбақты кеше ойнадық қой. (Іздейді)
- О – о, керемет!! Мынау шырша ғой. (Шыршаны айнала таңданып, қарап шығады)
- Ой!! Бір ойыншық ілінбей қалыпты қой. Аю аға ұмытып кеткен ғой.
- Қазір мен, шыршаға іліп қояйын. Шыршаға ойыншық іліп жатып, ән айтады. В лесу родилась елочка......(тоқтап ойланады)
- Ол, онда не істеген? Ұйықтаған ба? Өмір сүрген бе?
- В лесу она жила....
- Зимой и летом (тағы ойланады) Ол қыста, жазда не істейді? Түсініксіз?- Сендер не істеп отырсыңдар? Көрмей тұрсыңдар ма, әнді ұмытып қалдым. Қане, орындарыңнан тұрыңдар, бәріміз бірге «Шырша» әнін айтайық. Шырша ән күтіп тұр.
Ән: «ШЫРША»

Маша: «Шырша» туралы кім тақпақ біледі?
Еркесұлу: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Бексұлтан: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяулым: Қол ұстасып бәріміз
Шырша айналып ән салсақ
Мерекенің думаны
Арта бермек асқақтап!

Диляра: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Маша: Рақмет, балалар! Әндеріңде, тақпақтарыңда тамаша екен! – деп айтып жатқанда, шыршаны құлатып алады.
Миша аю: (Жүгіріп келеді, де, Машаға ұрсады)
- Сен бәрін құрттың, біз енді жаңа – жылды шыршасыз қалай қарсы аламыз?
Маша: Кешірші мені. Жүр орманға барып, шыршаны кесіп әкелейік. – деп аюдың қолынан тартады.
Миша аю: Жоқ, болмайды. Ол заңсыз. Ол орман – менің үйім.
Ал, шырша қайда өседі? Білмейсің?
Маша: Қайда?? Қайда өседі?? (Бір – біріне сұрақ қояды)
АЮ: Балалар, Маша шыршаның қайда өсетінін білмейді.
Жүрг: Балалар қане, Машаға көмектесіп жіберейік. Шырша қайда өседі?
Балалар: ОРМАНДА, ТАУДА (деп жауап береді)
Маша: А - а – а түсіндім! Енді не істейміз? (Арлы – берлі жүру)
АЮ: Ал, қанекей, былай жасайық. Орманға барып, шыршаны кеспей, сол жерде әдемілеп, безендірейік.
Маша: Жарайды. Кеттік онда. (Алақай!! деп қолын шапалақтап секіреді)
Ал, балаларды өзімізбен ала кетейік.
ЖҮРГ: Балалар, орманға жеткенше ән айтып барайық. Орнымыздан тұрып, қолымызға қоңырауды алып, ән айтамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 186
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылға жаңа жыр! Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр!
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Жаңа жылға арналған өлеңдер
Жаңа жылға арналған өлеңдер
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Армысың, Жаңа Жыл!
Армысың, Жаңа Жыл!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арнап әзірлеген «Аққу» тобының бүлдіршіндерінің ән - жырын қабыл алыңыздар.
Кел жаңа жыл ортаға
Кел жаңа жыл ортаға
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендерде көрмегенде арманда Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×