Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жасыл шырша жанында
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.

Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда той.
Жарқын, жар0қын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылдық мерекеге
Шақырамыз достарды.
Қане, достар келіңіздер,
Шырша тойы басталды.
Балалар залға әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, «Ертегі» ұжымы, бүлдіршін балалар Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Елімізге құт - береке әкелсін деп жаңа жыл мерекесін ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі ------------ және ---------- әдіскеріне беріледі.
Ән: «Жаңа жыл әні» хормен шыршаны айналып орындайды.(ортаңғы топ)
Ән: «Аязды келіп қыс»
Музыкамен залға Маша ойнап кіреді.
Маша: Менімен ойнашы, менімен ойнашы! (Шыршаны көріп, аң - таң болып, шыршаның ойыншықтарын жинай бастайды)
Жүргізуші: Маша, Машатай бұл не қылығың, неге жинап жатырсың?
Маша: маған керек, маған ұнайды.
Ж: Маша бізде Жаңа жыл мерекесі, бұл мерекені балалар ұзақ күтті.
Солай ма балалар?
Маша: Мә, балалар, кешіріңдер, сәлеметсіңдер ме?
Балалар: Сәлеметсіз бе Маша.
Маша: Мен балалармен би билеймін, келіңдер балалар, шыршаны айналып тұрайық.
Би: (Маша мен қосылып би қимылдарын жасайды)
Бұрыламыз оң жаққа біз 1 - 2 - 3
Бұрыламыз сол жаққа біз 1 - 2 - 3
Жақындаймыз шыршаға біз 1 - 2 - 3
Содан кейін алшақтаймыз 1 - 2 - 3 т. б

Жүргізуші: Ой, Маша қандай керемет, қандай биші едің.
Маша: Енді мен Миша аюға қоңырау шалайын. (нөмірді тереді, қоңыраудың дыбысы шығады. Аю жүгіріп келіп Машаны үстелден түсіреді де, жүгіріп кетіп қалады. Тағы хабарлайды жүгіріп келіп үстелге мінгізіп кетеді.)
Маша: Балалар маған көмектесіңдерші, аю футбол көріп отыр. Мен хабарласамын, Миша аю келгенде сендер ұстап алыңдар. Жарайма балалар.
(Аю келіп Машаны түсіріп, жүгіріп бара жатқанда балалар ұстап алады.)
Аю: Маша мен футболдан қалдым - ғой жіберіңдерші...
Маша: Аю ағатай балалар жаңа жылды қарсы алып жатыр, сенде бірге болсайшы
Аю: (ойланып) Футболше... а.. а.. а. Жарайды.
Жүргізуші: Аю ағатай, Маша төрлетіңіздер балалармен жаңа жылды бірге қарсы алыңыз,
Аю: Ал, балалар келіңіздер онда ойын ойнайық.
Маша: Алақай, алақай, ойын, ойын ойнаймыз.

Ойын «Қар жинау немесе кім шапшаң»
Ойынның шарты: Маша мен Аюдың шанасына екі бала шығып, әуен басталған кезде қар жинайды. Кімнің шанасында қар көп жиналған сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Миша аю, Маша балалар сендермен өте қызықты ойын да ойнадық биде биледік бізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған сияқты, шақырамыз ба оларды?
Балалар: Ия, шақырайық.
Маша: Алақай, аяз ата келеді, маған сыйлық береді. Қане, мен хабарласайын (Аяз ата телефонды көтермейді)
Жүргізуші: Балалар қане, Аяз атаны өзіміз шақырайық.
Балалар. Аяз ата, аяз ата (айқайлайды)
(Аяз ата таяғын тарсылдатып, борандатып келеді)
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Асу - асу белдерден,
Асқар - асқар таулардан
Шаршап келдің алыстан
Қане балалар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Тақпақтар:
Ақшақар: Жаңа жылдық кеште,
Көтереміз көңіл
Түсіреміз кеште
Би мен әннің түбін – деп қане тағы қандай өнерлерің бар?
Ән: «Аяз ата» хормен орындайды. (ортаңғы топ)
Ән: «Жаңа жылда, жаңа жыр» (2 кіші топ)
Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыз сиқырланған оның шамдары жанбай тұр.
Аяз ата: Қазір балалар, сендер маған сиқырлы сөзімізді айтып көмектесесіңдер. Бәріміз бірігіп шыршаны жағайық.
Бәрі: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат
(шырша шамын түртіп жағады)
Жүргізуші: Жаңа жылда балалар
Айтамыз біз жаңа жыр
Ән: «Шырша жыры»
Тақпақтар:
Би: «Ақшақар»
Маша: Ертегі айтатын бала жоқ па, араларында. Мен ертегіні жақсы көремін.
Жүргізуші: Жоқ, Маша, біз бүгін ертегі айтпаймыз. Бірақ «Ертегі» биін билеп берейік.
Би: «Ертегі
Аяз ата: Бәрекелді балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Келіңдер ойын ойнайық.
Ойын: Орындық

Жүргізуші: Той мереке салтанат,
Думандады шартарап,
Келіп қалды Жаңа жыл.
Тартуларын арқалап.
(Жаңа жыл кіреді)
Жасыл шырша жанында. жүктеу
2 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Жаңа жылдық ертегі
Жаңа жылдық ертегі
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту. Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген. Музыкамен балалар залға кіреді.
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл - қозғалысын тәрбиелеу.
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл армысың!
Жаңа жыл армысың!
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×