Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар

02 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты: Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар тіршілігіндегі өзгерістерді өз бетімен бақылау, ойын дамыту.
Оқушыны табиғатты қамқорлыққа алуға аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
1. Қызығушылығын ояту.
Бізде қызық жұмбақ бар
Тыңда ойлан, шешіп көр.
1) Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ
(қоян)
2) Қайда барсаң баратын
Мінсең ұшқыр қанатың
(ат)
3) Қанаты бар ұшпайды,
Су түбінде қыстайды
(балық)
4) Мың найзалы жылғыз батыр,
Жауына алғызбай жатыр.
(кірпі)
5) Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Бір - бірлеп жұлып ап
Бесікке қадаған
(үкі)
(суреттерін іліп қою)
Жануарлар

Ат
Балық
Үкі
Қоян
Кірпі

Балалар жұмбақтың шешуін бір сөзбен қалай айтамыз?
- Жануарлар
Жануарлар – табиғаттың үлкен бір бөлігі, олар алуан түрлері бар екенін білеміз.
1) Сәйкестендіру жұмысы
Әр жануарды өз мекеніне сәйкестендіру
Аю - ыққорада
Балық - апанда
Қой - бұта түбінде
Қоян - жылы жақта
Тырна - суда
2) Өзіндік жұмыс
Көктем туралы айту.
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктемнің ерекшелігі неде?

І. Жансүгіровтің «Жазғытұры» өлеңі

II. Операциялық – орындаушылық кезеңі.
Тақтада құстар тобы.
«Құстар – қанатты достар»
1) Ой қозғау
а) құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Құстар

жыл құстары
үй құстары
отырықшы құстар

ә) Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
- Жыл құстары ұшып келеді, ұя салады, балапан басып шығарады. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы»
2) Мәтінмен жұмыс
а) Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқу, құстардың келуі, ұя салу.
ә) Үй құстарын көктемде бағып күтудегі адам еңбегі

III. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
1. Өзіндік жұмыс. Кестені толтыру
Жыл құстары
Үй құстары
Отырықшы құстар

2. Шығармашылық жұмыс. (өлеңді аяқта)
Көктем келді...
Келді...
Аспандағы көп құстар.
Ауылымды...
3. Үйге тапсырма
1) Мәтінді оқу
2) «Құстар – біздің досымыз» шағын әңгіме жаз.
Құстар жүктеу
2 545
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Құстар – көктем жаршысы
Құстар – көктем жаршысы
Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Құстар қалай қыстайды
Құстар қалай қыстайды
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×