Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар қалай қыстайды

08 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды
Сабақтың мақсаты:
1. Қыс мезгілінде құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы түсінік беру;
2. Құстарды, аңдарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге, экологиялық тәрбие беру;
3. Оқушылардың тіршілік туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: құстардың сурет, қима қағаздар, қолдан жасалған макеттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ

І. Ұйымдастыру бөлімі:
• Барлық оқушы орнынан тұрып амандасады;
• Саламатсыздар ма?
• Отыра ғой.
• Кім жоқ?
• Сынып түгелденіп болды.
• Үйге берілген тапсырма
• Олар қайда қыстайды?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Енді оқушылар тізбектеп оқимыз.
- 7, 8 оқушыға оқытамын.
- Мазмұнын сұраймын.
- 8, 9 оқушы айтып шығады.
- Енді, ауылдан келген «Ақ әженің» сұрақтарына жауап беріп, әкелген сыйлықтарын аламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
А) Бунақденелілерге нелер жатады?
Ә) Оларға ауа - райы қалай әсер етеді?
Б) Бірінші көрінбей кететін жәндіктер?
В) Олармен қоректенушілер
Г) Жорғалаушыларға не жатады?
Ғ) Олар қыста қайда болады?
Д) Бақа қайда болады?
Өздерінің тәжірибелерін әңгімелеп береді:
- Оқушылар, барлығыңда үй тапсырмасына жақсы дайындалыпсыңдар;
- Әжелерің де қуанатын болды;
- Енді, қазір қай мезгіл?
- Қыс;
- Қыс туралы кім айтады?
- Боран болады. Күн суытады. Аяз болады.
- Онда ауылға көмектесіп қарын аршып берейік.
Жұмбақтар туралы сұраймын:
- Құстарды атату.

ІV. Жаңа сабақ
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.
Тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар болып есептеледі.
Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар 2) Үй құстары
Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайды. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Енді айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішінің, тұмсығы түсі дыбыстары, тіршілік етуге түрліше бейімделген.
Құстардың пайдасы: олардың еті, жүні мамығы.
Кіріспе әңгіме жүргіздім.
1) Мәтіннің мазмұнымен таныстырамын;
2) Оқулықпен жұмыс;
3) Оқушыларға оқыту.
- Оқушыларға тағы бізге өте қу, тез алдап кететін кісі келіп тұр. Алдансақ барлық 5 пен
4 - ті алып кетеді екен.
- Ол кім екен?
- Алдар көсе
- Мына бестерін қараша
1) Сұрақтар:
- Құстардың атымен аталатын қандай қыздардың аттарын білесіңдер?
- Тоты, Сандуғаш, Қарлығаш, Бұлбұл
- Егер, орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
(өз пікірі)
- Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
- Ағаш басындағы балапанға жылан жақындап қалды, сен не істер едің?
- Сен аулаға шықсаң бір ит тауықты қуып жүр. Сен не қылар едің?
- Тоқылдақ қоректі қайдан табады?
- Үй құстарын адам қалай күтіп бағады.

V. Сабақты бекіту:
Тест сұрақтары арқылы
VІ. Бағалау:
Білімдеріне байланысты
VІІ. Үйге тапсырма:
Құстардың суретін салу. Тақпақ, мақал, жұмбақ жаттау (90 - 92 беттер)
10 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Ақтөбе қаласы, «Сымбат»жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.С.Булекбаева
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Салтанат Әбдірешқызы
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×