Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл – ғажайып дүние

28 шілде 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Гүл – ғажайып дүние
Мақсаты: Сынып оқушыларына гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру. Табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.
Жабдығы: «Гүл – ғажайып дүние» тақырыбына слайд, гүл, көбелек, көктем, күн боп киінген оқушылар.
Сабақ түрі: қойылым
Жоспары:
Кіріспе: Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.
Білгішбек пен Дымбілместің кездесуі.
Білгішбек:
Керме иық далам көсіліп келем
Аяғым асты көк шалғын
Төсіңнен текті көшіріп өлең
Батыр бабамды еске алдым
Көгімде менің қалықтап ұшқан
Кереге қанат қыран құс
Шетінен шешен алып данышпан
Бабаларыма мың алғыс.
Дымбілмес:
- О, Білгішбек, Сен тағы да өлең оқып келесің бе? Айтшы осы, сен күнде бір өлең шығарасың ба? Бүгін тағы қандай өлең шығардың, кімге арнадың?
Білгішбек:
Ай, Дымбілмес Сен қашан ақылды болар екенсің? Қарашы табиғат қандай тамаша! Менің бүгінгі өлеңім көктемге, табиғатқа арналады. Кел, гүлдер патшалығына саяхаттайық!

Дымбілмес:
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!

(Сыныптағы қыз балалар гүл бейнесінде киінеді де, гүл бейнесінде киінген қыздарды ұл балалар көпшілікке таныстырады).
Бәйшешек: Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі — бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15см, ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп, бүршік жарады.

Бәйшешек
Мен боламын қырларында текеметтің.
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпін, көктесем қар астында,
Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.
Ыдырады мұз бен қар,
Мен шыққан соң сыналып.
Ала бұлттан жұлдыздар,
Қарағандай сығалап.
Аз өмірдің өзінде,
От жалын боп лауладым.
Соғылған дер кезінде,
Күміс қоңырауларым.
Елемедім ызғарды,
Күнге күліп қарадым.
Қызықтырып қыздарды,
Гүлге негіз қаладым.

Қызғалдақ — лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны — Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші отаны — Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарланды. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді жалғастырды. Қызғалдақтың Сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы Жібек жолы кезінде, қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелденіп отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны — Қазақстан екенін әлем мойындап отыр» — деген болатын.

Қызғалдақ.
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірінің, көңілінің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.
Қызыл ғалдақ, ақ ғалдақ,
Қолда бар не мақталмақ.
Қазақстан ежелден,
Алуан гүлдер жапқан бақ.
Ұқсайды оған қоңырау,
Әркімге тиіс ол ұнау.
Құрта алмады сан таптап,
Қазақпенен оны жау.
Кең тесінен даланың,
Сыйлар шаттық, маған мұң.
Қорғап, тамған деп қалам,
Қаны ма ата - бабамның?
Жұмыртқа ма журек пе?
Шам ба жанған түнекте,
Ұрпақтарым, қастерле,
Гүліңді де жүдетпе.
Біздерде алуан бар ғалдақ,
Шығады ерте қарсалдақ.
Шетел алып байыпты,
Қалмайық біздер тал қармап.
Шетелге пайда пұл болып,
Кұлпырды алуан түрге еніп.
Қымбаттап ата мекенге,
Оралман гүл боп жүр келіп.

Інжугүл — бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған. Уақытында атақты сазгер П. И. Чайковский «Мен інжугүлді гүлдер патшасы деп білем», - деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған. Ал, ол сөзге сазгер А. С. Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші» аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.
Інжугүл.
Көктемнің алғаш гүлінің,
Інжугүл атты бірімін.
Адамдықтың, достықтың,
Куәсімін, жырымын.
Жапырағым жайылған,
Секілді қос алақан.
Қоңыраудан жоқ, айырмам,
Келбетіме қарасам.
Гүл – ғажайып дүние. жүктеу
2 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
"Флора" кафесіндегі кеш
"Флора" кафесіндегі кеш
Шалқар қаласы, №1 мектеп - гимназиясы. Жоламанова Райса
Гүл - ғажайып дүние
Гүл - ғажайып дүние
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға.
Өсімдіктер әлемінің таңғажайып сырлары (тақырыптық жоспар)
Өсімдіктер әлемінің таңғажайып сырлары (тақырыптық жоспар)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Гүл - өмірдің сәні
Гүл - өмірдің сәні
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Несібелі Тағанқызы
Адам және табиғат
Адам және табиғат
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Фарида
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×