Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Флора" кафесіндегі кеш

04 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
1. Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар!
2. Қош келіпсіздер!
1. Бүгін біздер «Ең әдемі, ең нәзік» тіршілік иелері туралы айтатын боламыз.
2. Бүгін біздер ешкімді де бейжай қалдырмайтын табиғат туындылары туралы айтатын боламыз.
1. Адамдар бір - біріне оларды кез - келген уақытта, себепсіз де, себеппен де сыйлай алады.
2. Олар жер бетіндегі ең кереметтер.
1. Иә! Біздер кешімізді гүлдерге арнаймыз!
2. Гүлдер адам тәрізді жақсылыққа толы,
Адамдарға нәзіктікті сездіреді.
Олар гүлдеп, жүректерге от тастайды,
Бейне бір кішкене отшашу дермісің
1. Біз сіздерді әдеби - сазды «Флора» шақырамыз.
2. Көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын!
1. Көңілді кеш болсын!
2. тартымды демалыс тілейміз! (музыка ойналады)

1. Сіздерді «Флора» кафесінде көргенімізге өте қуаныштымыз.
2. Қонақ болып келгендеріңізге қуаныштымыз.
1. Бүгінгі біздің бағдарламамыз танымдық, әрі қызыққа толы болмақ. Барлық қонақтар жеке – жеке бөлініп отырғызылған. Олар топтарына гүлдер атауларын қояды. Ақылдасып топтарыңызды атаңыздар.
2. Енді топтармен таныс болайық.
Қатысушылар өз топтарын таныстырады.
1. Бүгінгі кеш бағдарламасын « Әдемілік әлемді құтқарады!» деген атпен ашық журнал түрінде өткіземіз.
Кеште сіздер демалып қана қоймай, қызықты сұрақтарға жауап беріп, сайысқа түсесіздер.
2. Неғұрлым белсенді қатыссаңыз, соғұрлым бонусқа ие боласыздар. Кеш соңында жеңімпаздар анықталады. Сонымен біз бағдарламамызды бастаймыз.
1: Ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсен: “Өмір сүру үшін күн шуағы, бостандық және кішкене гүл керек”, деген екен. Шынында да гүлдерсіз өмірімізді елестету қиын: туылғанда гүлмен қарсы алады, үлкендердің көңіліне қуаныш сыйлайды, неке тойында қуанышын білдіреді, туған күн мен мерекелерде жанымызда болады, еске алу кеш ескертеді. Үйде және жұмыста да, көктемде және суық күндерде де, жазда және күзде де гүлдер өте қажет, оларсыз өмір сүреңсіз болар еді.

2: Өмір бойы гүлдер біздермен бірге болады.
Гүлдерім, гүлдерім,
Бүрленген түрлерің.
Бәрін де сағындым,
Балалық күндердің.
Гүлдерім қуантты,
Адамды уатты.
Мен болғым келеді,
Гүлдердей шуақты.
Табиғаттың таңғажайып ізбасарлары –
Таң шапағымен өмірімізге енеді,
Кездесу сәтін жылдамдатады,
Қоштасу сәтін шегереді.
Біздер жан тәнімізбен қорғауымыз керек

1. Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі сабатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.

2: Ашық журналдың бірінші беті - “Гүлдер туралы аңыздар мен әңгімелер”
І. Берілген аңызды тыңдап, қай гүл туралы болып тұрғанын айтыңыздар.
1. Гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Бағзы замандардан - ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ десек, артық айтқандық емес.
Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі туралы жүздеген томды кітаптар жазылған. Еңбектегі Иран халқының ақындарының айтуынша, бұл гүл Тәңірдің тарту еткен сыйы екен. Күндердің күнінде Флора патшалығының балалары Құдайдан өздеріне қашанда ұйқыда жүріп, билеушіге тән міндеттерін есінен шығарып ала беретін Лотостан басқа патша тағайындап беруін жалынып сұрайды. Мейірімді Аллаһ Тағала өтініштеріне құлақ асып, оларға өткір тікенді, періштедей пәк ақ гүлдерді жібереді.
2: Роза (Раушан) – гүлдер патшасы. Оны барлық халық ұнатады, оған басын иеді, ол адам аты, оған басын иеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет
Балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдермен таныстыру. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Байқағыштыққа, өз ойларын анық, сауатты түрде жеткізе білуге
Математикалық кафе
Математикалық кафе
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Гоголь орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Хайруллина Гульмира Батырбековна
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы бастауыш сынып мұғалімі Қайырбекқызы Динара
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×