Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам және табиғат

25 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Адам және табиғат

Мақсаты: 1. Балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау. Жанды, жансыз болуын дәлелдету.
2. Табиғаттың адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері арқылы
шешім шығарту, адам өмірі үшін өте қажет екенін оқушылардың өз пікірлері
арқылы шешім шығарту, дүниетанымын кеңейту.
3. Оқушыларды табиғатты сүюге қорғауға, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, кесте.
1. Ұйымдастыру.
2. Сұрақ - жауап.
3. Тақтада ілулі тұрған сурет бойынша жұмыс.

Қай мезгіл?
Суретте не бейнеленген?
Далаға шықтым, жөнелдім
Шаршап талай бөгелдім
Жан - жағыма кенет
Қарап едім не көрдім?

Өзен, тау, ағаш, құс, гүл, жануар, аң, адам, күл, бұлт (тақтаға ілу)
Осыны бір сөзбен қалай айтамыз?
Табиғаттың қандай түрлері болады?
Тірі және өлі табиғатқа нелер жатады?

4. Ән. «Көктем»

5. Пікірталас.
Киіз үйдің суретін жапсыру.
- Мына өлі табиғатты ұмытып кеттік.
- Ол табиғат емес.
- Неге?
- Ол - зат
- Оны қайдан білдіңдер?
- Ол адамның қолымен жасалған?
- Басқа тағы не жасалады?
- Адам деген кім?
- Пікірі табиғат
- Ал жануарлар мен құстар ше?
- Өлі табиғат ше?

6. Ән «Болайықшы осындай»

7. Салыстыру жұмысы.
Жақсы және жаман баланы бейнелейтін сурет бойынша жұмыс. 2 балаға мінездеме беру, іс - әрекетін айту.
Тұжырымдама жасау.
Айналамызда құс, аң, өсімдік, ауа, су, күн болмаса не болады?
Онда өмір сүре алмас едік.
Себебі неде?

Өсімдік ауаны тазартады, суды ішеміз, ауамен демаламыз, малдың етін жейміз. Құстар талдағы, өсімдіктегі құрт - құмырсқаны жейді. Сондықтан, біз туған жеріміздің табиғатын сақтаймыз, қорғаймыз.

8. Табиғат туралы мақалдар, ырымдар, мен тыйымдар.
Жері байдың - елі бай.
Туған жердің топырағы да ыстық
Көлдің көркі - бұлақ
Таудың көркі - құрақ.
Сулы жер - нулы жер.
Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
Жас бұтақты сындырма.
Көкті таптама
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Аққуды атпа
Орманды отама.
Жаралы аңды атпа.
Ән. «Ауылым»
Туған жерді анам демей не дейін
Туған жерді панам демей не дейін
Туған жермен асқақ менің ән - жырым
Туған жермен асқақ менің мерейім

Топырағыңды қастерле, жүретұғын жеріңді
Қара жерді қастерле, көретұғын көріңді.
Есіл ерді қастерле, қорыйтұғын жеріңді
Туған елді қастерле, жауға бермес беліңді.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті ерікті желден алған секілді

Ұя бұзба, жұмыртқаны тиме деп
Ұрсушы еді анам менің күйгелек
Жас шыбықты сындырма деп ұрсатын
Шыққанымда тұлпарымды сүйрелеп

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызға қандай тақырып қоямыз?

10. Сабақты қорытындылау.
Туған жерді сүю парыз
Сүю үшін білу - парыз
Қасиетті ұғу парыз
Күзетінде тұру парыз
44 838
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Тірі, өлі табиғат туралы, денелер туралы ұғым беру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Танымдылық қабілетін дамыту. Еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу тәсілдерін қалыптастыру
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Курмалова Асель Агисовна Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: Табиғатты аялайық
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 28 қараша 2018 21:47
0
Шығарма: Табиғатты қорғайық

Табиғат біздің анамыз,
Жер – Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Табиғат ол біздің үйіміз. Ол бізді қоршап тұрады. Өсімдік, адам, жануар, құстар барлығыда табиғаттың бір бөлшегі. Ол бізге көптеген нәрселерді береді. Табиғатсыз өмір жоқ. Сондықтан табиғатты қорғауымыз керек. Барлық дүние табиғаттан алынады. Табиғат пен адам арасында көптеген байланыстар бар. Табиғаттағы байлықтарды үнемдеп пайдалану қажет, өйткені ол бітіп қалуы мүмкін. Құстарға ұя салып, оларға көмек беру керек. Өсімдіктерді қорғау керек олардан көптеген дәрі - дәрмек жасап алуға болады. Жануарлардың көбісі бізге жақын.
Халқымыз бұрыннан-ақ табиғатты қорғау керек деп көптеген насихаттарды жазып қалдырған. Себебі олар бұрыннан-ақ білген, табиғат ол ұлы әрі қасиетті.
Сол қасиетті дүниені сақтайық. Табиғатты қорғайық.
×