Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


І. Жансүгіров «Көктемде», М. Хакімжанова «Көктем жыры» (4 сынып)

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: І. Жансүгіров «Көктемде»
М. Хакімжанова «Көктем жыры»
Мақсаты: 1. Көркем шығарманы тану, адам мен табиғат байланысын түсіндіру, өлеңдегі табиғат бейнесін айқындау.
2. Оқушының шығармашылық мүмкіндігін, мәнерлеп оқу шеберлігін, өзіндік ізденістерін, сұраққа еркін жауап беру дағдыларын дамыту.
3. Оқушы бойына эстетикалық құндылықты, экологиялық танымын дарытып, табиғатты құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, сезім арқылы дамыта оқыту, мәселелік сұрақтар
Көрнекілік: авторлар портреттері, сызбалар, ауылымыздың табиғаты бейнеленген слайдтар, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Бір - біріне сәттілік тілеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, біз қандай бөлімді бітірдік?
«Әдептілік, ар - ұят – адамдықтың белгісі»
Ақын - жазушыларымыздың қандай шығармаларымен таныстық?(шығармаларды атау)
Осы бөлімде нені үйрендік?
Жақсы. Сендерге «Маған ұнаған шығарма» атты эссе жазуға берілген болатын. Кім оқиды? (4 - 5 оқушыға эсселерін оқыту)
Енді, балалар, мына суретке қарап отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер. (табиғат бейнеленген суреттер слайд арқылы көрсетіледі)
«Ой қозғау сұрақтары» (1 слайд)
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгін мен сендерді табиғат аясына шақырамын. «Жер - ананы» ақ көрпесімен жауып, енді, міне айқара ашып, қай мезгілді әкелді?
Көктемді
(слайдтан «Менің ауылымның көктемі» көрсетіліп жатады. Мұғалім осы кезде Ә. Жәмішевтің «Көктем келді» өлеңін оқиды.) (2, 3, 4 слайдтар)

Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Лебіменен жылытып өкпек желді.
Күн сәулесі тоң жоңын жербұлау ғып,
Бусандырды бұрлыққан беткейлерді.
Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген – жаздың кең дарбазасы,
Гүлге орап жіберер өткелдерді.
- Бүгінгі сабақта біз: І. Жансүгіровтың «Көктемде» және
М. Хакімжанованың «Көктем жыры» атты өлеңдерімен танысамыз.
(слайдтағы кесте арқылы авторлардың өмірдеректерімен танысады) (5, 7 слайдтар)
1. І. Жансүгіровтың «Көктемде» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
2. Сөздік жұмысы: шымайт, құмайт, мал балалап, өкіріп (6 слайд)
3. Оқушылар өлеңді кезек оқиды
4. Әр оқушының алдына жеке қимақағаз беріледі. Сол бойынша топтастыру жұмысы жасалады. (8 слайд)
5. М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін мұғалім оқиды.
6. 1 - 2 оқушы мәнерлеп оқиды.
7. Жеке қимақағазға бейнелеу сөздерді теріп жазады. (9 слайд)

Міне, балалар, өлеңдермен таныстық. Енді сұрақтарға жауап берейік.
1. Ақындар көктемнің келгенін табиғатта болған қандай өзгерістерден байқатады?
2. Жан - жануар, құстар өмірінде қандай өзгерістер бар екен?
3. Балалардың еңбек қуанышы жөнінде қай жолда айтылған?
4. Сурет салар болсаң не салар едің?
5. Тағы қай ақынның көктем туралы өлеңдерін білесің?

ІҮ. Қорытындылау, бағалау
Көрікті көктем мезгілі жайлы тағы қосымша білім алдыңдар. Қыс бойы қар көп жауса, көктемде су тасқыны қаупі болады. Су тасқынын болдырмау үшін қандай шара қолданылады?
Адамдар өз үйлерінің маңайындағы қарды тазалап, су ағатын арықтар жасап отыруы қажет.

Үйге тапсырма: өз қалауың бойынша 1 өлеңді жаттау.
І топ: «Көктем» тақырыбына сурет салу
ІІ топ: Венн диаграмасын толтыру
ІІІ топ: «Менің ауылымның көктемі» атты шығарма жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 041
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
«Көктемде» Әдебиеттік оқу
«Көктемде» Әдебиеттік оқу
Оқушыларды өлеңмен таныстыру, негізгі ойын ашу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
І.Жансүгіров. «Көктемде». М.Хакімжанова «Көктем жыры»
І.Жансүгіров. «Көктемде». М.Хакімжанова «Көктем жыры»
Атырау қаласы, №2 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Бекжанова Валентина Шайхуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×