Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көктемде» Әдебиеттік оқу

12 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жолдыгулова Алма

Сабақтың тақырыбы: Көктемде.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды өлеңмен таныстыру, негізгі ойын ашу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдылық қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатты қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, суреттер, сызбалар, ребустар, суреттерді жапсырмалау, мақал - мәтелдер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, технологияны енгізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, жапсырмалау.
Сабақтың тақырыбы: Көктемде.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Психологиялық дайындық: Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастайық
Сабақты біз бастайық.

III. Үй жұмысын тексеру. Оқу әдісі: 1. ызыңдап оқу әдісі
2. іштей оқу әдісі
Жоспар бойынша төрт бөлімді 4 оқушыдан сұрау.

Жоспар:
1. Ағаш отырғызу апталығы.
2. Алмабектің ағаштарының мүшкіл хәлі.
3. Ауа - райының күрт өзгеруі.
4. Ағаштар неге ашуланады?

IV. Үйге жаттауға берілген мақал мәтелді «Ұйқасын тап» ойыны арқылы білімдерін тиянақтау.
1. Қатар «Еңбек» туралы
2. Қатар «Еріншек» туралы
3. Қатар «Табиғат» туралы

1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Еңбек ермекке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.
3. Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
4. Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
5. Еріншектің, ертеңі бітпес.
6. Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
7. Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі - бұлақ.
8. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
9. Табиғатым, тал бесігім.

V. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту (бейнесөз шешу) Көкорай «терек», «тал», «дерек».
«Көктемде»
- Олай болса, оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз Ілияс Жансүгіровтің «Көктемде» деген өлеңімен танысамыз.
- «Көктемде» сөзін айтқанда ойымызға қандай нәрселер түсіп, көзімізге не елестейді?

VI. Топтастыру әдісі (стратегия)
- Ойымызды топтастырайықшы.
Көктем

Ашық аспан
Ағаштар бүршік жарады
бәйшешек атады
Наурыз тойы болады
Мал төлдейді
Құстар ұшып келеді
Өзен тасиды
Сең жүреді

VII. – Балалар, көктем жөнінде тағы қандай деректер білеміз?
Деректер деген сөз, ақпарат беру, яғни түсінік беру.
1. Топырақ жылынса, бәйшешек жауқазындар жайқалып шыға келеді.
2. Ең алғаш ұшып келетін құс – «ұзақ».

Көктем шыққан кезде, алғашқы тасбақаны көріп аузындағы шөбін алған адам бақытты болады.
VIII. Автор туралы мәлімет.
- Ілияс Жансүгіров кім?

IX. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

X. Оқулықпен жұмыс: көктем өлеңін мәнерлеп оқып беріп, 2 - 3 балаға оқыту.

XI. Жаңа сабақты пысықтау, сұрақ – жауап алу.
1. Ақын көктемнің келгенін, жан – жануарлар өмірінде болған өзгерістерін қалай байқадың?
2. Өлең мазмұнын жапсырмалау арқылы жеткізу.

XII. Сөздік жұмысы.
Құмайт – құмды жер.

Шымайт – шымды жер (тығыз шөпті, құнарлы жер).

XIII. Шығармашылық тапсырма (көктем жөнінде ойдан бес жол өлең шығару).
XIV. Сабақты қорытындылау.
Байқайсыз ба, жасарғандай кәрі жар,
Жасыл шапан жамылыпты сары бел,
Бар тамырға қан жіберіп жатқандай,
Көктем сұлу ғажайып бір дәрігер.
- Бүгінгі сабақта кімнің шығармаларымен таныстық?
- Автордың негізгі ойы қандай? (табиғаттың сұлулығын өзгерістерін жеткізу)

XV. Үй жұмысы.
XVI. Бағалау, мадақтау.
2 693
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Көктем
Көктем
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Құстардың туған жерге оралуы
Құстардың туған жерге оралуы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×