Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың шаршының периметрін табу

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: «Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың
шаршының периметрін табу»
Сабақтың мақсаты: 1. Үшбұрыштың, тіктөрбұрыштың, шаршының қабырғалары ұзындықтарын
өлшеу және олардың периметрлерін табу;
«Сонша» ұғымын пайдаланып екі амалмен шығарылатын есептің шешу барысын түсіндіру; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және ұзындықтың бірліктерімен амалдар орындауды бекіту
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Шапшаң есептей білуге баулу, ой-өрістерін жетілдіру
3. Патриоттық сана сезімдерін қалыптастыру, өз еліне деген ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Азиада ойындарының логотиптері, эмблемасы, Алан Ирби, Азиада алауының логотипі, карта, карточкалар, сандар құрамы сызбасы

І. Ұйымдастыру.
- Биыл, 30. 01 – 6. 02 аралығында Астана мен Алматыда қандай спорттық шара өтіп жатыр.
- VІІ қысқы Азия ойындары
- Дұрыс, балалар Азия ойындары туралы не білесіңдер?
- Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін спорттық жарыстар. Азия ойындары Азиада деп те аталады. Осы Азиадаға 30 шақты елдің спортшылары қатысады. Қазақстандық спортшылар Азия ойындарына 1996 жылдан бастап қатыса бастады.
- Азиадаға қандай елдер қатысады?

Жапония, Қытай, Корея, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Кувейт т. б.
- Азиада басталмас бұрын Азиада алауы Әл – Кувейттен 31. 12. 2010 тұтанып, Қытай қаласы Чангчунге 02. 01 жетіп, еліміздің қалаларын аралап
30 қаңтарда Астанаға жетті. Сендер, балалар осы Азиадаға өз үлестеріңді қосқыларың келе ме?
- Иә
- Ендеше, біз бүгін сабақта қысқы ойындар туралы айтып, Азиада алауының бас қаламыз Астанаға қалай жеткенін білеміз. Ол үшін тәртіпті екенімізді білімімізді көрсетейік.
- Үйге қандай тапсырма берілді? Тексеріп жіберейік.
3 м 5 дм + 2 дм = 3м 7 дм
82 см – 40 см = 42 см
7 см + 8 см = 1 дм 5 см
6 дм 7 см – 5 см = 6 дм 2 см
36 см + 40 см = 76 см
1 дм 5 см – 9 см = 0 дм 6 см
- Еліміздің қай қалаларында Азиада өтіп жатыр?
- Астана мен Алматыда
(Тақтаға эмблема ілінеді).
Астана – Алматы 2011
Ойындардың эмблемасы жөнінде не айта аласыңдар?

VІІ қысқы Азия ойындарының эмблемасындағы көк түс еркіндік пен шексіз мүмкіндіктердің кеңістігін білдіреді. Қызыл түс – жеңіске деген мұқалмас жігерді, спортқа шын берілгендікті, жарыс қызуын білдіреді.
Сонымен балалар, Азиада алауы Чангчун қаласынан 3. 01 Алматыға жеткен екен
Азиада – 2011 бойтұмары ретінде барыстың күшігі алан таңдап алынды. Бұл бойтұмардың аты қалай екен - Ирби.
Ол қандай аң?
- Мен сендерге бір аңыз оқып берейін.
Биік таудың басында Ирби деген қар барысының күшігі өмір сүреді. Ол қарда асыр салып ойнағанды, жартастан жартасқа секіргенді қатты ұнататын. Бірақ, өкінішке орай, биік тау шыңдарының басында үркек арқарлар мен тәкаппар қырандардан басқа онымен ойнайтын ешкім болмады. Ал Ирби өте көпшіл әрі достық пейілді болатын. Бір күні Ирби өзі өмір сүріп жатқан елдің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда қысқы Азия ойындары деп аталатын үлкен мереке өтетінін естиді. Бұл ойындарға әртүрлі елдерден қар барысы сияқты батыл, мықты әрі төзімділер келеді екен. Міне, мен өзіме қай жерден дос табу керек екенін білемін деп қуанған Ирби жолға шықты.
Ирби қандай екен?
Алан Ирби – көпшіл, мықты, көңілді, сүйкімді, кең пейілді

Енді, балалар, ауызша есептеп жіберейік
(136 б «Кім жылдам»)
14 – 6 + 7 – 9 – 6 = 0
13 – 8 + 6 + 9 – 20 = 0
15 – 7 + 8 – 9 – 7 = 0
Азиада алауы Алматыдан кейін Тараз бен Шымкент қалаларына 04. 01 - 05. 01
өтіпті.
Жарыстар спорттың неше түрінен өтеді?
11 түрінен.
Иә, дұрыс. Спорттың бір түрі - биатлон туралы айтайық.

Биатлон – бірнеше ату шебінде кіші калибрлі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.
Ал, осы спорт түрінен мықтысыңдар ма, жоқ па? Көрейік. 136 беттегі №1 (а) орындаңдар.
3 + 2 + 7 = 12 (см)
- Жарайсыңдар, Азиада алауы Түркістан - Қызылорда қалаларынан
06. 01 - 07. 01 өтіпті.
- Келесі спорт түрін айтайық. Ол тау шаңғысы спорты. Ол туралы кім айтады?

Тау шаңғысы спорты
- Тау шаңғысы спорты арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау.
- Бұл спорт түрінен қандай екенсіңдер. Байқап көрейік.
- №1 (ә) орындайық.
- Қандай фигура берілген?
-
Үшбұрыштың фигурасынының периметрін табу керек. Ал периметр дегеніміз не?
Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
P = 4 + 3 + 2 = 9 (см)
Жарайсыңдар Азиада алауы Байқоңырдан 08. 01. - 09. 01 өтіпті.

Коньки мен жүгіру спорты
Шаңғы жарыстары
Шыңғыда бағдарлау спорты
10. 01 - 11. 01 12. 01 – 13. 01 14. 01 - 15. 01

Конькимен жүгіру спорты – конькимен жылдамдыққа жүгіру.
Шаңғы жарыстары – шаңғымен жылдамдыққа жүгіру.
Шаңғыда бағдарлау спорты – бұл қолданбалы спорт түрі. Басты шарты – белгілі бір уақыт ішінде белгіленген қашықтықты жүгіріп өту.
Бұл спорт түрлерінен қандай екенбіз. Көрейік.
№ 2 орындайық.
I қатар Р =?
II қатар □ Р =?
III қатар Р =?

Р = 4 + 2 + 4 + 2 + 12 (см)
- Азиада алауы Ақтаудан 10. 01 - 11. 01 өткен екен
□ Р = 2 + 2 + 2 + 2 = 8 (см)
- Азиада алауы Атыраудан 12. 01 - 13. 01 өтіпті.

Р = 2 + 3 + 4 + 5 = 14 (см)
- Жарайсыңдар. Азиада алауы Оралдан 14. 01 – 15. 01 өтіпті

Шаңғымен трамплиннен секіру

Келесі спорт түрі. Шаңғымен трамплиннен секіру. Бұл қандай спорт?
Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиндерден шаңғымен секіру.
Жақсы № 3 шығарайық (№3 есепті оқыту, талдау)
Қызыл қарындаш – 20 тг
Қалам – 60 тг қымбат? (тг)
Жай қарындаш - 20 тг
20 + 20 + (60 + 20) = 120 тг
Жауабы: барлығы 120 тг тұрады
- Жарайсыңдар. Азиада алауы Ақтөбе қаласына 16. 01 жетіпті

Сергіту сәті
Балалар, сендер білесіңдер ме? Азиада ойындарынан басқа мәдени Азиада бар.
Ол:
Спорт туралы кинофестиваль.
Бейнелеу өнерінің кинофестивалі.
Ұлттық спорт түрлері фотокөрмесі.
Әндер мен билер фестивалі.
Цирк өнерінің фестивалі.
Хип – хоп стиліндегі қазіргі заман биінің шоу – концерті.
Азиада ойындарының гимні бар. Оны орындайтын кімдер?
Р. Рымбаева, Ә. Дінішев

Мәдени Азиада
Дұрыс айтасыңдар. Азиада алауы Ақтөбеден шығып Қостанайға 17. 01 - 18. 01 жетіпті
Келесі спорт түрінің аты да әдемі екен – Фристайл.

Фристайл
Ол қандай спорт?
Фристайл - бұл тау шаңғысы спортының бір түрі. Ол өз ішінен үшке бөлінеді. Могул – кедір – бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау. Шаңғы балеті - әртүрлі би қимылдарын орындай отырып, таудан құлдилау;
әуе (шаңғы) акробатикасы – акробатикалық қимыл – қозғалыстарды орындай отырып, екі метрлік трамплиннен секіру
- Ендеше, № 4 орындайық
І қатар: 5м 8 дм – 6 дм = 5 дм 2 дм = 52 дм
ІІ қатар 57 см +20см = 77 см = 7дм 7 см
ІІІ қатар 4 дм 2 см + 6см = 4 дм 8 см =48 см

Азиада алауы Петропавл қаласына 19. 01 жетіпті

Шайбалы хоккей
Ойын ойнау «Хоккей»
Келесі спорт түрі – шайбалы хоккей. Ол туралы не білесіңдер?
Мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Қарсылас команданың қақпасына шайбаны соғуға талпына отырып,

қарсылас команданың ойыншыларына мұндай әрекет жасауларына жол бермейді. Қақпаны қақпашылар қорғайды.
Жақсы. Ендеше осы «Хоккей» ойынын ойнап жіберейік.
8 онд 5 бірл құралатын 85
8 ондықтан құралатын 80
8 бірліктен құралатын 8
5 ондықтан құралатын 50
5 бірліктен құралатын 5
5 ондық 5 бірліктен құралатын 55
5 ондық 8 бірліктен 58
Нөл ондық 5 бірліктен құралатын 5
5 онд 0 бірл құралатын 50
Елу бес бірліктен құралатын 55.
- Жарайсыңдар. Азиада алауы Көкшетаудан 20. 01 - 21. 01 өтіпті

Допты хоккей
Келесі спорт түрі – допты хоккей. Ол туралы не білесіңдер?
Бұл да мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Шарты да шайбалы хоккейдегідей
№5 (ә, б)
Дұрыс орындайық.
ә) 8 онд – 3 онд = 50
8 – 3 = 5
б) 9 бірл + 7 бірл = 16 бірл
30 – 8 = 22
- Жарайсыңдар Азиада алауы Павлодардан 22. 01 – 23. 01 өтіпті.

Мәнерлеп сырғанау
Келесі спорт түрі – мәнерлеп сырғанау. Ол жөнінде не білесіңдер?
Мәнерлеп сырғанау – бұл – спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл – қозғалыс.
- Сендер, білесіңдер, ме балалар мәнерлеп сырғанауда жастар арасында 2007 жылғы Азия чемпионы, ересектер арасында 2009 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2006 жылғы Әлем Кубогінің жүлдегері, Европа кубогінің және бірнеше халықаралық турнирлердің жеңіпазы Абзал Рахымғалиев – біздің жерлесіміз. Аягөз қаласында туған. Алдарыңда тұрған фигураның периметрін табыңдар.
4 см
2см
3 см
6 см
Р =1 + 2 + 2 + 4 + 3 + 6 = 18 (см)
Жарайсыңдар. Азиада алауы біздің ШҚО Семей Өскеменен 24. 01 – 25. 01 өтті.

Шорт – трек - Келесі спорт түрі –
Шорт – трек. Ол қандай спорт?
Шорт – трек – хоккей алаңында белгіленген қысқа мұз жолында конькимен жүгіру.
Дұрыс. Мынадай жұмыс жасайық.
(Карточкамен жұмыс)

Деңгейлік тапсырмалар.
«3» 10 + 10 =
40+10 =
20 + 20 =
50 + 7 =

«4» 40 + 45 =
53 – 20 =
29 + 10 =
74 – 10 =

«5» 29 + 8 =
45 – 6 =
33 + 7 =
68 – 9 =

Азиада алауы Қапшағай, Талдықорғаннан 26. 01 – 27. 01 өтіпті.

Азиада алауы Жезқазған – Қарағанды қалаларынан 28. 01 – 29. 01 өтіпті.
Неше спорт түрінен бүгін сабақта айттық
– 11 түрі.
- Біздің жергіілікті атақты спортшыларды білесіңдер ме?
Рустам Ргебаев ( Аякөз қаласы № 5 ОМ)
Дәулет Тұрлыханов (Таскескен ауылы)
Алау логотипі

Сандар қатарын түзеңдер. Сонда ойындардың ұраны шығады.
Мақсаты бірдің - рухы бір

Бүгінгі сабақта не білдік, не істедік?
7 қысқы Азия ойындары өтіп жатыр
26 елден спортшылар қатысып жатыр.
Спорттың 11 түрінен жарыстар өтуде.
Алматы мен Астанада өтіп жатыр.
Тек қана Азия елдерінің өкілдері қатысады.
Фигураның периметрін таптық.
Есеп шығардық.
Ұзындықтың бірліктерімен амалдар орындадық.
30. 01 ашылу салтанаты, ал 6. 02 жабылу салтанаты.
Жиынтығы 69 медаль ойналды.
Бағалау.
Үйге: № 6 – 137 бет.
52 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін табудың әр түрлі тәсілдерімен қосындыны санға көбейту ережесі негізінде таныстыра отырып, оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру;
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданын табуды үйрету.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×