Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры».
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
2. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, әңгіме, сұрақ - жауап,
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің суреттері, тірек сызбалар, электронды көрме.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.(2 - 3 рет қайталау)
Ана
Келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген – жылылық,
Ана деген – мейірім.
- Өлеңде не жайында айтылған?
- Ана сөзін естігенде қандай сезім пайда болады?
Шығармашылық жұмыс. Көркем ой.
Ана – ардақты, мейірімді, кең жүректі
- Ананы жырламаған ақын - жазушылар жоқ.
- Олай болса бүгін біз сендермен Ыбырай атамыздың «Бұл кім» өлеңімен танысамыз.

III. Жаңа сабақ.
Ы. Алтынсарин – қазақтың тұңғыш ұстазы. Ол қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашып, өзі ұстаздық еткен. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазған. Ыбырай ата балаларды оқу - білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер шығарды.

Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға дауыстап оқыту.
- Өлеңнің мазмұнымен жұмыс.
Сергіту сәті(қимылмен көрсету).
Апам үшін күнде де,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.

Ой ашар. Болжау стратегиясы(үнтаспадан бесік жыры туралы ән ойнайды.)
- Бұл қандай әуен деп ойлайсың?(Бесік жыры)
- Бұл әуен сенің ойына не түсіреді?(ана әлдиін, ананың мейірімділігін)
- Олай болса, біз бүгін Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңімен танысамыз.

IV. Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны кластер бойынша
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл мекенінде дүниеге келген. Мағжанды әкесі ауыл мұғаліміне ертерек беріп, хат таныды. 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, 1910 жылы бұл медресені жақсы үлгіріммен бітіреді.
Мағжан жеті жасынан “Қисасул әнуба” атты кітапты түгелдей оқып шығып, күллі пайғамбарлардың өмірлерін жаттап алған көрінеді. Бұдан кейінгі жылдары Уфадағы медресе – Ғалияда дәріс алады.
Шығармалары: “Шолпан”, “Наурыз”.
Өлеңнің мазмұнын халық ауыз әдебиеті негізінде салыстыра отырып түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
Ребус (ауызша шешу).

V. Сабақты бекіту.
Топпен жұмыс әдісі арқылы.
1 - топтың тапсырмасы:
«Бес жол өлең»құрау
Кім?- ана
Қандай?- 2 сөз сын есім
Не істеді?- 3 сөз етістік
Бір сөйлем
Бірінші сөздің синонимі
2 – топтың тапсырмасы.
Ой толғаныс.
Венн көрсетуі бойынша «Бұл кім?», «Бесік жыры» өлеңдерін салыстырайық.

Бұл кім? Ұқсастығы Бесік жыры

3 - топтың тапсырмасы.
Топтастыру стратегиясы.
Мағжан Жұмабаев туралы не білдің?

VІ. Сабақты қорытындылау.
Қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапай» ойыны.
Ал енді Ыбырай Алтынсарин және Мағжан Жұмабаев жайлы алған барлық білімдеріңді ортаға салып, «Хан талапай» ойынын ойнап көрейік.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?
3. Мағжан Жұмабаев кім?
4. М. Жұмабаевтың ана туралы қандай өлеңдерін білесің?
5. Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
VІІ. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Мынандай анимациялы парақшалар таратып беру. Оқушылар өздерінің қандай баға алғанын көреді.

VІІІ. Үйге тапсырма.
«Бұл кім?» өлеңін жаттау, бесік жырын мәнерлеп оқу және осы өлеңдерге байланысты сурет салып келу.
135 беттегі 4 - тапсырма.
Өлеңнің мазмұны бойынша сурет:
- Схема түрінде беру;
- Пейзажды түрде беру;
- Өлеңнің мазмұнына нақты сурет беру.
17 137
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Мағжан Жұмабаев. Бесік жыры
Мағжан Жұмабаев. Бесік жыры
Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным
Бесік жыры
Бесік жыры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шержанова Гүлназ
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×