Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

26 ақпан 2019, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Сабақтың мақсаты: а) Ы. Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау, топтастыру)
Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, математика

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
Сандар сөйлегенде: 1887ж. 1879. 1864. 14. 1860ж. 1859. 1857ж. 1879ж.
1841ж. 30. 1850ж.
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Жанын сала ұмтылды,
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ,
Май тамызып от берді,
Ой – сананың шамына.
М. Хакімжанова
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі – оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы, Орынборда басылады. Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И. Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,- деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» жүктеу
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» слайд жүктеу
2 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсарин (күнделікті сабақ жоспары)
Ыбырай Алтынсарин (күнделікті сабақ жоспары)
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20 - сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш - төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған.
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына қарай талдау. Оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×