Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»
Қазақ әдебиеті 5 - сынып
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарады.
Оқыту нәтижелері: - Жазушы туралы біледі,
- Әңгіме мазмұнымен танысады,
- өмірмен байланыстырады,
- пікіралмасады, ой талқысына түседі,
- еңбек етуге қызығушылықтары артады.
Стратегиялық әдістер «Сендер білесіңдер, бірақ білмейсіңдер!», «Түймедақ гүлі», «Миға шабуыл», «Болжау», «Қаламгер», «Екі бетті күнделік»
Түйінді идея: «Ақылды тыңдай білу де – өнеге»
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, Жас ерекшеліктер, ОҮБ, дарынды және талантты балаларды оқыту
Көрнекілік, дереккөздер Ақынның портреті, интербелсенді тақта, тірек - сызбалар, қағаз, стикер, кеспе қағаздар

І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері: (20 сек)
(1 - слайд)
– Әрбір адам?
– Туысым, досым, жұрағат.
– Әрбір сабақ?
– Үйрену, ұғу, ұлағат.
– Әрбір ісім?
– Тірлік, тірек, адамдық.
– Әрбір сөзім?
– Шындық, бірлік, адалдық.

Амандасу
1 мин
«Сендер білесіңдер..., бірақ білмейсіңдер..!»
Психологиялық дайындық:
Оқушыларды ортаға шеңберге шақыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» «Топтастыру» әдісі Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру, бағалау парағын тарату.
- Биылғы жылы мемлекетіміз қандай атаулы мерейтойларды атап өтіп жатыр?
- Сондай мерейтойдың бірі 2 қарашада ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толды.
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ақын - жазушы туралы не білесіңдер
- «Өзен» өлеңі не туралы?
- Көз алдыларыңа не елестейді?
- Өздерің өзенді көргендерің бар ма?
- Өзеннің табиғатқа, адам баласына тигізер қандай пайдасы бар?

Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады? жүктеу
5 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин «Өнер - білім бар жұрттар»
Ыбырай Алтынсарин «Өнер - білім бар жұрттар»
Өлең мазмұнымен таныса отырып, мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына қарай талдау. Оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×